Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекеме мен Шәкәрім атындағы университеттің ұйымдастыруымен жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бейнеконференция форматында профилактикалық кездесу өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру және қылмыстың салдары туралы нақты түсінік беру.
Видеоконференция барысында жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қылмысқа қалай барғанын, қабылдаған қате шешімдерінің салдары қандай болғанын ашық түрде баяндады. Олар бостандықтан айырылудың, жақындарынан ажыраудың және болашақ мүмкіндіктердің шектелуінің ауыр зардаптарын атап өтті.
Кездесу барысында жастар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан заң талаптары, жауапкершілік түрлері және құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірме берілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың теріс әрекеттерге бармауына, өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Алдағы уақытта да осындай түсіндіру және алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.


