Алматы жастары коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй таратты

Алматы қаласында комьюнити-орталықтардың резиденттері қала тазалығы мен инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп жүрген коммуналдық қызметкерлерді қолдау мақсатында әлеуметтік акция өткізді. Іс-шара аясында жас белсенділер коммуналдық мекеме қызметкерлеріне ыстық шай мен жеңіл дәмдер ұсынып, олардың еңбегіне ризашылықтарын білдірді.

Акция қаланың әртүрлі аудандарында өтіп, комьюнити-орталықтардың резиденттері, волонтерлер және белсенді жастарды біріктірді. Қатысушылар күнделікті тынымсыз еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс айтып, зор денсаулық пен амандық тіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жастар арасында өзара құрмет пен әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Комьюнити-орталықтар тек өзін-өзі дамыту кеңістігі ғана емес, сондай-ақ игі істер жүзеге асатын және қала тұрғындарын біріктіретін маңызды алаңға айналып келеді.

Адам еңбегін құрметтеу, волонтерлік қозғалысты дамыту және жастарды әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту — Алматыдағы комьюнити-орталықтардың негізгі бағыттарының бірі. Осындай акциялар қоғамдағы ынтымақтастықты нығайтып, жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...