12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Артур Ластаев Конституцияда өмір сүру құқығының абсолюттік басымдығын бекітуді ұсынды

Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық комиссияның алғашқы отырысында Ата заңды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын баяндады. Ол адамға бағдарланған тәсілді күшейту, негізгі құқықтар мен әрбір азаматтың бостандығын басымдық ету қажеттігін атап өтті.

«Конституцияда өмір сүру құқығы барынша абсолюттік дәрежеде болуы қажет, одан ешкім өз еркімен бас тартпайтынын, тіпті ең ауыр қылмыс үшін де, мемлекет тарапынан да алынбайтынын кепілдендіру қажет. Бұл – адам мен оның өмірі шын мәнінде елдің басты құндылығы екенін, басқа кез келген мүдделерден маңызды екенін білдіретін берік қағида», — деп атап өтті омбудсмен.

Негізгі ұсыныстар қатарында омбудсмен барлық негізгі құқықтар мен бостандықтарды Конституцияның адам құқықтарын қорғауға арналған бір бөліміне жинақтау қажеттігін, бұл бірқатар шетелдік тәжірибелерге ұқсас екенін айтты.

Омбудсмен Конституцияда өзі мен жақындарына қарсы куәлік бермеу және өз кінәсіздігін дәлелдемеу құқығын бекіту қажеттігін айтты. Осыған ұқсас қорғау құқығы діни қызметкерлерге де қатысты болуы керек, әсіресе діни рәсімдер кезінде алынған ақпарат турлы сөз болып отыр.

Сондай-ақ, негізгі құқықтар бөлімінде басты назарға Кінәсіздік презумпциясын қою қажеттігі айтылды.

«Конституцияда өзіне, жақындарына қарсы куәлік бермеу және өз кінәсіздігін дәлелдеуден бас тарту құқығы тайға таңба басқандай жазылуы қажет. Адам оқиға орнында ұсталса да, кінәсін мойындап арыз жазса да, қоғам алдында бастапқыда «жазықсыз» деп саналуы керек. Яғни, сот оны айыпты деп танығанша», – деп түйіндеді Ластаев.

Бұдан бөлек, омбудсмен әділдік және жазаның сәйкестігі бойынша халықаралық қағидаттарды Конституцияда тікелей бекіту ұсынысын айтты. Ондағы негізгі элемент – бір іс бойынша қайта жазалауға жол бермеу.

Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарымен тікелей байланысты тағы бір маңызды мәселе – азаматтардың өз құқықтарының тұрақтылығына сенімді болуы.

«Бір кездері заңды болған, кейін тыйым салынған нәрсе үшін адамды жазалауға болмайды. Себебі заңдар «өткен уақытпен» өзгеретін болса, ешкім өз өмірі мен жұмысын сенімді жоспарлай алмайды», – деп атап өтті Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Сол сияқты бұл қағида өз ойларын еркін айту және ақпарат тарату құқығы секілді басқа да негізгі кепілдіктерне қатысты. Артур Ластаевтың айтуынша, сөз бостандығы басқа азаматтардың ар-намысына және қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуі қажет.

Артур Ластаев предложил закрепить в Конституции абсолютный приоритет права на жизнь

Уполномоченный по правам человека в РК Артур Ластаев выступил...

Асанов: незащищённые персональные данные – прямая угроза для государства

Заместитель Председателя Сената Парламента РК Жакып Асанов на первом...

Жақып Асанов: жеке деректердің қорғалмауы – мемлекетке тікелей қауіп

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Конституциялық реформа...

Конституция преамбуласын жаңарту тек редакциялық түзету емес – Үнзила Шапақ

Конституциялық реформаның аясында Ата заңның преамбуласын жаңғырту, оның мазмұнын...

Унзила Шапак предложила обновить преамбулу Конституции

Депутат Мажилиса Парламента РК Унзила Шапак подняла вопрос об...