12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жол қауіпсіздігі басты назарда

Қара жолда орын алып жатқан қайғы аз емес. Жолдағы жауапсыздық салдарынан қаншама отбасы қара жамылып, көптеген адам жарымжан болып, денсаулығынан ажырауда. Мұның себебі әртүрлі. Ең алдымен бұл жүргізушілердің жол ережесін білмеуімен, жолдағы ортақ тәртіпке бағынбауымен, жол ережесін өрескел бұзуымен және жауапсыздығымен тікелей байланысты. Екіншіден, жолдардың сапасыздығы, жолақтың алдығы мен жолдық тарлығы да апаттың туындауына түрткі болып жатады. Үшіншіден, көліктің техникалық ақауы төтенше жағдайдың орын алып, апатқа себеп болатын кездер де кездеседі. Төртіншіден, жол апаттарының орын алуына жүргіншілердің жолды кесіп өтуі, азаматтардың малдарды қараусыз қалдыруы да аз залалын тигізбейді.

Жол қауіпсіздігін сақтап, азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында елімізде түрлі шаралар қолға алынуда. Құзырлы органдар заңнамаларды түсіндіріп, жүргізушілер мен жүргіншілер жауаптылығын көтеру үшін түрлі акциялар, рейдттер өткізіп, көрнекі жерлерге ескерту билбордтар іледі. Одан бөлек заңнамалардағы жауаптылықты арттырып, жазаны күшейту бағытында да іргелі істер қолға алынуда.

Айталық 2025 жылдың 13 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК) жол қозғалысы ережелеріне қатысты маңызды өзгерістер енгізілді. Заңдағы жаңғыртуларға орай көлік және жол шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды реттейтін ережелерге де түзетулер енгізді.

Соның қатарында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы да бар.

Бұл бапта жол қозғалысы ережелерін бұзып, көлік құралдарына, жүктерге, жолдарға, жол және басқа да құрылыстарға немесе басқа мүлікке зиян келтіріп, материалдық шығын келтірген жүргізушілерге жауапкершілік көзделген. Бұрын ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөліміне сай бұл бұзушылықты жасағандарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынатын немесе ереже бұзған жүргізушілер куәлігінен алты айға дейін айырылатын. Ал 2025 жылдың 13 наурызынан бастап бұл құқық бұзушылық үшін 20 АЕК айыппұл салынатын болады. Ал жүргізуші куәлігінен айыру жазасы алынып тасталды.

Сонымен қатар, жүргізуші өз кінәсін мойындап, айыппұлдың 50%-ын төлеуге келіскен жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық істері қысқартылған тәртіпте қаралуы мүмкін.

Міне, жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында ӘҚБтК-ге енгізілген өзгерістердің қолданысқа енгізілгеніне тоғыз айдың жүзі болды. Бұл өзгерістің жүргізушілер санасына қаншалықты әсер еткенін алдағы уақыт пен статистикалық көрсеткіштерге қарап бағалауға болады.

ЖАНБОЛАТ БЕРДЫБЕКОВ,

Алматы қаласы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот әкімшісінің басшысы

Салық кодексінің жаңғыртылуы – заман талабы

Өркениетті, зайырлы қоғамда жаңа заңнамалардың қабылданып, қолданыстағы құжаттарға тиісті...

Шарт бойынша туындайтын даулардағы ортақ мәселе

Шарттық даулар – шарттық міндеттемелерден туындайды. Мұндай даулардың негізгі...

Мемлекеттік сатып алудағы жосықсыз қатысушылар тізімі қалай жасалады?

Мемлекеттік сатып алу мемлекеттік қаражатты жұмсау және мемлекеттік қажеттіліктерді...

Қоғамдық жұмыстарға тарту – әкімшілік жазаның жаңа түрі

Заманымыздың заңғар перзенті Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды»...

«Заң және тәртіп» – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры

Мемлекет басшысының жыл сайын халыққа арнап жолдау жасап, елді...