Астанада Жаңа жылға арналған отшашу қайда өтеді

Астанада 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік жаңа жылдық салют атылып, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отшашулар екі жерде іске қосылады: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына отшашу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Атырау» көпірі ауданындағы жағалаудың мұзына шығуға қатаң тыйым салынатынын еске саламыз.

Сонымен қатар Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шара өтеді.

31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден бастап «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңда, «EXPO» аумағында, сондай-ақ қалалық алаңда (әкімдік алдында) шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін Жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, «Меломен», «Бәйтерек» топтары және басқа да әртістер қатысады.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...