Атырауда 30-дан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасына бақылау жүргізілді

Мониторингтік топ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында «Дина» базары, «Марко» супермаркеті және бірқатар азық-түлік дүкендерін аралады, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бағаға бақылау ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362 бұйрығымен бекітілген тізімге енгізілген өнімдер бойынша жүргізілуде.

Іс-шара барысында кәсіп иелеріне биылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілгені ескертілді.

Бұған дейін бұл санатқа негізінен ұн, нан, жармалар мен көкөністер кірсе, енді жаңа тізбеге піскен және мұздатылған балық түрлері, тауық еті мен тұтас тауық, сүт, айран, қаймақ, сүзбе, қатты және жартылай қатты ірімшік, сары май, I санаттағы жұмыртқа, қапталмаған қара шай және ас тұзы енгізілді.

Айта кетейік, жаңа жылдан бастап жүргізілген мониторинг нәтижесінде бағаны негізсіз көтерген кәсіпкерлер анықталған жоқ. Бұл өңірдегі азық-түлік нарығындағы жағдайдың тұрақты екенін көрсетеді.

Мониторингтік топ кәсіпкерлерге баға тұрақтылығын сақтау халықтың әлеуметтік әл-ауқатын қорғауда маңызды екенін атап өтіп, баға саясатын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде ұсынымдар берді.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...