Қазақстан не үшін жаңғырудың жаңа кезеңіне өтуі қажет?
Қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттердің дамуы олардың жаңғыру қабілетіне тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері тұрақты даму жолын таңдап, кезең-кезеңімен модернизация жүргізіп келеді.Яғни– заман талабында. Әлем тез өзгеріп жатыр, ал бәсекеге қабілетті болу үшін ел де соған сай бейімделуі тиіс. 2026 жылға дейінгі кезең Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жауапкершіліктер кезеңі болып отыр.
Жаңғыру деген не және ол не үшін маңызды?
Жаңғыру ол қоғамның барлық саласын заманауи талаптарға сай жетілдіру үдерісі. Ол экономикамен ғана шектелмей, білім, ғылым, мәдениет және қоғамдық сананы қамтиды.Жаңғыру ұлттық құндылықтарға қауіп төндірмей ме? Жоқ. Керісінше, дұрыс жүргізілген жаңғыру ұлттық болмысты сақтауға мүмкіндік береді. Қазақстан жаңғыруды өз дәстүрі мен мәдениетін сақтай отырып жүзеге асыруды мақсат етеді. Бұл – дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімі.Қазақстан экономикасы ұзақ уақыт бойы шикізаттық бағытта дамыды. Алайда қазіргі кезеңде экономиканы әртараптандыру аса маңызды.Неліктен экономиканы әртараптандыру қажет?Себебі бір ғана салаға тәуелді экономика тұрақсыз болады. Әлемдік нарықтағы өзгерістер ел экономикасына тікелей әсер етуі мүмкін. Сондықтан өңдеу өнеркәсібін, цифрлық экономиканы және инновациялық технологияларды дамыту – тұрақты дамудың кепілі.2026 жылға дейін цифрландыру, шағын және орта бизнесті қолдау, инновацияны енгізу экономикалық өсудің негізгі тетіктері болып табылады.Экономикалық даму халықтың өмір сапасын арттырумен тікелей байланысты. Осы тұрғыда білім беру мен денсаулық сақтау салаларына ерекше назар аударылуда.Қазіргі еңбек нарығы жаңа дағдыларды талап етеді. Сыни ойлау, цифрлық сауаттылық, шығармашылық қабілет – заман талабы. Сондықтан білім беру жүйесін жаңарту – болашақ ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты шарты.Денсаулық сақтау саласында да алдын алу шараларын күшейту, медициналық қызметтің сапасын арттыру халықтың өмір сүру ұзақтығына оң әсер етеді.Жаңғыру тек материалдық өзгерістермен шектелмеуі тиіс. Қоғамдық сана да жаңа деңгейге көтерілуі қажет.Бұл – әр азаматтың жауапкершілігін арттыру, білімге ұмтылу, еңбекқор болу және ел болашағына бейжай қарамау. Рухани жаңғыру қоғамның ішкі бірлігін нығайтып, тұрақты дамуға негіз болады.Ең алдымен – халық. Өйткені экономикалық тұрақтылық, сапалы білім, қолжетімді медицина және рухани дамыған қоғам – әрбір азаматтың өмір сапасын арттырады.
Қазақстан жаңғыру жолында ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, заманауи әрі бәсекеге қабілетті мемлекет болуға нық қадам басуда. Бұл үдерістің табысты болуы – мемлекет пен қоғамның ортақ еңбегінің нәтижесі.
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасының аға оқытушысы Оңдашұлы Ернұр
Əл-Фараби атындағы КазҰУ-нің «Құқықтану» мамандығы
4 курс студенті Бейсетбай Мерей Қанатқызы


