12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы

Мемлекеттік қызмет – қоғам мен мемлекеттің ерекше сеніміне ие жауапты сала. Сондықтан бұл қызметті атқаратын тұлғаларға қойылатын талаптар да аса жоғары. Мемлекеттік қызметшінің моральдық-әдептілік келбеті, азаматтармен қарым-қатынас әдебі, жұмыс барысында өзін ұстай білу мәдениеті – мемлекеттің беделі мен басқару жүйесінің сапасын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі.

Қызмет атқару барысында мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және басқа да нормативтік актілерді басшылыққа алуға міндетті.

Мемлекеттік қызметтің сапасы мен мінсіздігі – ел ертеңінің жарқын болуына негіз. Мемлекет пен халық арасын байланыстыратын алтын көпір іспетті мемлекеттік қызметкер ең алдымен адалдық пен әділдікке, адамгершілікке және жоғары мәдениетке ие болуы тиіс. Бүгінде кәсіби біліктілікпен қатар, тәрбиемен қалыптасатын асыл қасиеттер де зор маңызға ие.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті мен өзін ұстау мәнері – мемлекеттік аппараттың беделін қалыптастыратын фактор. Олар іскерлік этика талаптарына сай, ұқыпты, ұстамды әрі кәсіби болуға тиіс. Сонымен қатар, қоғамдық ортада, қызметтік және қызметтен тыс қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау – олардың басты міндеттерінің бірі.

Әдеп талаптары Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде белгіленген және оның орындалуын әдеп жөніндегі уәкіл бақылайды. Бұл кодекс мемлекеттік қызметшінің моральдық келбетін, кәсіби мінез-құлқын, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін айқындайтын негізгі принциптерді қамтиды. Шыншылдық пен адалдық – мемлекеттік қызметкердің ажырамас қасиеті.

Мемлекеттік қызметкер адамдармен тікелей жұмыс істегендіктен, оның сөйлеу мәдениеті, киім киісі, жүріс-тұрысы, қарым-қатынас әдебі, жалпы тұлғалық бейнесі азаматтардың сеніміне, көңіл-күйіне және мемлекеттік органның имиджіне тікелей әсер етеді. Сондықтан этикет талаптарын сақтау – әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби парызы.

Қызылорда қаласының №2 сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Е.Тәңірбергенұлы

Қазақстанның 2026 жылға дейінгі даму кезеңі – жаңғырудың жаңа сапалы деңгейі

Қазақстан не үшін жаңғырудың жаңа кезеңіне өтуі қажет? Қазіргі жаһандану...

Енлик — первая артистка из Казахстана

Если Енлик действительно стала первой артисткой из Казахстана, которую...

Қазақстанның 2025 жылғы ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...