12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚазҰУ-да кедейлікті жою мәселесі талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінде азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының білім алушыларымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 1-мақсаты – «Кедейлікті жою» тақырыбында мазмұнды ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақтың негізгі мақсаты-студенттердің әлеуметтік әділеттілік, экономикалық теңсіздік және адам құқықтары мәселелеріне деген көзқарасын кеңейту, кедейлікті тек статистикалық көрсеткіш емес, қоғамның тұрақты дамуына тікелей әсер ететін күрделі әлеуметтік құбылыс ретінде түсіндіру болды.Сабақ барысында кедейліктің экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік, құқықтық және моральдық өлшемдері бар екені атап өтілді. Кедейлік адамның негізгі өмірлік қажеттіліктерін – сапалы білім алу, медициналық көмекке жүгіну, қауіпсіз еңбек ету және мәдени-әлеуметтік өмірге араласу мүмкіндіктерін шектейді. Осы тұрғыда кедейлік адам қадір-қасиетіне тікелей әсер ететін фактор ретінде қарастырылды.

Талқылау кезінде студенттер кедейліктің негізгі себептерін жүйелі түрде талдап өтті. Атап айтқанда:

           •         ресурстардың әділ бөлінбеуі әлеуметтік жіктелуді күшейтіп, қоғамдағы теңсіздікті арттырады;

           •         еңбек нарығындағы мүмкіндіктердің шектеулілігі азаматтарды тұрақты және лайықты табыс көзінен айырады;

           •         жоғары сапалы білімнің қолжетімсіздігі адамдардың кәсіби дамуына және әлеуметтік мобильділігіне кедергі келтіреді;

           •         ауылдық және шалғай аймақтардағы инфрақұрылымның әлсіздігі жұмыс орындарының тапшылығына және өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеледі.

    Сарапшылардың пікірінше, кедейлікті бағалау кезінде тек табыс көлеміне ғана сүйену жеткіліксіз. Адамдардың денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй, демалыс және бос уақытты тиімді өткізуге жұмсай алатын мүмкіндіктері де ескерілуі тиіс. Қазіргі таңда ресми жұмысы бар азаматтардың өзінде медициналық қызметке қол жеткізу, сапалы демалу немесе балаларының дамуына инвестиция салу мүмкіндігі шектеулі жағдайлар кездеседі. Бұл құбылыс кедейлік пен әлеуметтік осалдықтың шекарасы өте жұқа екенін көрсетеді.Сонымен қатар, әлеуметтік жәрдемақылар кедейлікті уақытша жеңілдеткенімен, оны түбегейлі шешпейтіні атап өтілді. Елдің дамуы бай азаматтардың санымен емес, кедейлер үлесінің азаюымен және әлеуметтік теңсіздіктің төмендеуімен өлшенеді. Егер кедейлік мәселесі дер кезінде бақылауға алынбаса, ол қоғамдағы тұрақсыздықтың артуына, әлеуметтік шиеленістердің күшеюіне және популистік көзқарастардың таралуына негіз болуы мүмкін.Экономикалық теория тұрғысынан алғанда, ішкі жалпы өнімнің өсуі халықтың нақты табысының артуына алып келуі тиіс. Осыған байланысты елімізде кедейлікті азайту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында жүйелі шаралар қабылданып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бірқатар мемлекеттік органдардың қатысуымен «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасы әзірленіп, іске асырылуда.

       Ашық сабақтың қорытындысында студенттер кедейлікпен күрес тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі екені туралы ой түйді. Құқықтық сауаттылықты арттыру, әділ еңбек қатынастарын қалыптастыру, білім мен мүмкіндіктерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету-кедейлікті еңсерудің негізгі алғышарттары екені атап өтілді.

Қорытындылай келе, кедейлік деңгейі азайған сайын қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы артып, экономикалық әлеуеті күшейе түседі. Бұл-әділетті, тең мүмкіндіктерге негізделген және болашаққа сеніммен қарайтын қоғам қалыптастырудың басты шарты.

Сулейменова С.Ж

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық,азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы,заң ғылымдарының докторы,профессор

ҚазҰУ студенттері өзекті мәселені дөңгелек үстелде талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің азаматтық құқық...

Жеке бас бостандығы Конституциямен қорғалған

Адамның жеке басының бостандығы мен ажырағыссыз құқықтары Конституциямен қорғалған,...

Определение места жительства ребёнка в Республике Казахстан

В Республике Казахстан вопрос о месте жительства ребёнка регулируется...

В Алматы состоится открытая встреча для фрирайдеров

24 декабря 2025 года в гостинице Novotel в Алматы...