ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады

ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай бірқатар жүргізуші көліктерін Мемлекеттік тумен безендіріп, жолға шығып, өздерінің азаматтық ұстанымы мен патриоттық сезімдерін көрсетті.

— Құқықтық тұрғыдан мемлекеттік туды көлікке орналастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған, бірақ қауіпсіздік талаптары мен Жол жүрісі қағидаларын сақтау міндетті. Бірақ кейбір азаматтар мерекелік шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін бұзып, басқа қатысушыларға кедергі жасап, көшелерді жауып тастады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері заңға сәйкес шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Мысалы, 16 желтоқсанда Шымкент және Алматы қалаларында полиция қызметкерлері көліктерге ту ілген, алайда жол ережелерін бұзған бірнеше көлікті тоқтатты. Тексеру нәтижесінде жүргізушілер көлікті басқару құқығынсыз жүргізгені, апаттық жағдай туғызғаны және көлікті заңсыз жабдықтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл шаралардың Мемлекеттік туды пайдалануға қатысы жоқ. Сонымен қатар Алматы қаласында полиция қызметкерлері  шарлармен безендірілген қоғамдық көліктің жүргізушісі мен жолаушыларына олардың адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екенін түсіндірді. Сондай-ақ көлікті заңсыз тоқтатуға байланысты деректер тексерілуде. Кінәлі полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Полиция мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайды және азаматтарды Жол қозғалысы ережелерін сақтауға, тек ресми мәліметтер мен ақпарат көздеріне сенуге шақырады, — деді ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...