Ауыл шаруашылық үздіктерін марапаттау

«Ауыл» партиясының Алматы қаласы филиал төрағасы Ахметбек Қоңырбаев пен филиал аппарат басшысы Керуенов Талғатбек Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Рақым Алмабекұлы Урозалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Институттың Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева Рақым Алмабекұлының отандық ғылымға, селекция мен ауыл шаруашылығына қосқан орасан үлесін атап өтті. Оның 70 шәкірті – сапа мен биік мектептің айқын дәлелі, себебі олардың әрқайсысы өз саласында табысты еңбек етіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізген.

Партия өкілдері осы кездесуді пайдаланып, осы мекеменің басшысы Бастаубаева Шолпан Оразонаға, партия мүшелері Урозалиев Рахим Алмабекоичке, Рашитов Аюп Рашитовичке, Айнебекова Бакыт Алпыспаевнаға, Онгарбаева Пердегуль Сакыповнаға, Ережебаева Раушан Сайлауовнаға «Ауыл шаруашылық» күніне орай «Ауыл шаруашылығы үздігі» төс белгілерімен және осы мекеменің партия мүшелеріне партияның 25 жыл мерейтойлық медальдарын табыстады.

Пресс-служба Ауыл партиясы Алматы қаласы филиалы

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...