Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі саланың цифрлық трансформациясын жеделдетуді жалғастыруда

12 желтоқсанда Астанада Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев BI Group холдингі және 2D/3D дизайн саласындағы әлемдік көшбасшы Autodesk компаниясы өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Вице-министрлер, Президент әкімшілігінің өкілдері және сарапшылар BIM (ғимараттарды ақпараттық модельдеу) жүйесін одан әрі кеңейту және құрылыс саласын кешенді цифрландыруды дамыту мәселелерін талқылады.

BI Group құрылыс циклінің барлық кезеңдеріне арналған цифрлық шешімдерін ұсынды, ал Autodesk компаниясының Орталық Азия бойынша атқарушы директоры Александр Семижон BIM енгізудегі халықаралық тәжірибесімен бөлісті.

«Құрылыс саласын цифрландыру – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Біз BIM енгізудің қалыпты жағдайға айналуы және саланың тиімдірек, ашық және технологиялық тұрғыдан дамыған болуы үшін қолайлы жағдай жасап келеміз», – атап өтті Ерсайын Нағаспаев

Талқылаудан кейін тараптар нормативтік базаны одан әрі жетілдіру және ел бойынша жобаларда BIM технологияларын қолдануды кеңейту қажеттілігін атап өтті.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...