Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын өңдеу үлесі 68%-ға өсті

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын өңдеу үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 49%-дан 68%-ға өсті. Жоспарымыз 80%-ға жету. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты.

Мәселен, Ақсу қант зауыты толық модернизациядан өтіп, қайта іске қосылды. Майлы дақылдарды қайта өңдейтін «Жетісу Мажико Агрокешені» (100 мың тн), Көксу қант (тәулігіне 1,7 мың тоннадан 2,2 мың тоннаға), Жаркент крахмал-сірне (жылына 150 мың тоннадан 220 мың тоннаға) зауыттарының қуаттары ұлғайтылды. Сонымен қатар, облыста жыл сайын 100 мың тоннадан астам сүт, 1,5 мың тоннаға дейін балық өңделеді.

— Қант қызылшасының егіс алаңы 3 есе артып, 2022 жылы 4,2 мың гектардан 2025 жылы 12,2 мың гектарға жетті. Биыл 490 мың тонна тәтті түбір жиналып, 87 мың тонна қант өндіру жоспарлануда, оның 60 мың тоннасы қызылшадан, 27 мың тоннасы қамыстан өңделеді. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін ұлғайтып, ішкі нарықты қамтумен қатар экспортқа бағыттауға басымдық беріледі, — деді Бейбіт Исабаев.

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...