12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөнінде кездесу өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Узбеханов Нұржан және cыбайлас жемқорлықтыңалдын алу басқармасының бас маманы Садыков Давранбек Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қызметкерлерімен семинар-кездесу өткізілді.

Жиынға Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Кездесу барысында, Нұржан Узбехановпен:

  • Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, ұжымның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және оған қолсұғушылықтың кез келген нысандарын болғызбайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасау қажеттілігі;
  • Мемлекеттік қызметтегі шектеулер, оның ішінде лудомания және тағы да басқа мәселелер;
  • Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі, оның ішінде басқа мемлекеттік саяси немесе әкімшілік лауазымға орналасқан мемлекеттік қызметші алдыңғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып тартылу;
  • Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның жобасы және басқа да мемлекеттік қызмет саласындағы туындайтын мәселелер бойынша түсіндірме берілді.

          Давранбек Садыков сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама нормаларын түсіндіріп, алдын алу шараларына, сондай-ақ ішкі және сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау тәртібіне ерекше назар аударды.

          Сөйлеу барысында: Мемлекеттік қызметшілердің негізгі шектеулері мен міндеттері бойынша түсіндірме берілді; Этикалық және адал қызмет мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрамында құрылған Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметі туралы ақпарат ұсынылды.

          Басқарманың негізгі міндеттері — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәуекелдерді мониторингтеу және профилактикалық тетіктерді дамыту.

          Кездесу барысында қызметкерлер тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына қатысы бірқатар сұрақтар көтеріліп, нақты кейстер талқыланып, қойылған сұрақтарға толық түсіндірмелер ұсынылды.

          Бұдан бөлек, кездесу барысында Агенттік Төрағасының және Мәдениет және ақпарат министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы жеткізілді.

          Семинар барысында Мемлекеттік қызметке кіру тәртібінің жаңа форматы туралы және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 16 бабына енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

Алдағы уакытта түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н.Узбеханов және Сыбайлас жемқорлықтыңалдын алу басқармасының бас маманы Садыков Д.

Бейнеконференц байланыс арқылы өткізілетін сот отырысының ерекшеліктері

Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану...

Халықаралық құқықтық көмек – азаматтардың құқығының кепілі

Қазіргі таңда мемлекеттер тек саясат пен экономикада ғана емес,...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...

Судья мәртебесі және сот әдебі

Дана халқымыз «Әділ би – елдің құты» деп бекер...