Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде аймақтардағы экономиканың өркендеуіне серпін беретін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу және өңірлердің даму деңгейіндегі теңсіздікті жою – қазір мемлекет алдында тұрған негізгі міндеттің бірі екендігін атап көрсеткен болатын.
Бүгінгі таңда бұл тұрғыда басым бағыттар айқындалып, нақты жоспарлар жасалғаны белгілі болып отыр. Соның бірі моноқалаларға қатысты. Ол Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен «Моноқалалардың болашағы: оң тəжірибе жəне тұрақты даму» атты республикалық семинар-кеңесте Президенттің тапсырмасын ескере отырып, моноқалаларды дамытудың жаңа тəсілдері қаралған болатын. Онда Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, өнеркəсіп жəне құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, Қарағанды облысының əкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Екібастұз əкімі Аян Бейсекиннің баяндамалары тыңдалды. Қазіргі уақытта елімізде шамамен 1,5 млн адам тұратын 20 моноқала бар екен. Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша олардың үлесіне өнеркəсіп өндірісі көлемінің үштен бірінен астамы тиесілі – 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 36,4%-ды құрады. Моноқалалардың экономикасын əртараптандыру шеңберінде 78 көрсеткіш бойынша əлеуметтік-экономикалық дамуға талдау жүргізілді. Индустриалды аймақты құру, жеңілдікпен несиелеу жəне басқа да жұмыстардың нəтижесінде моноқала мəртебесінен шыққан Саран қаласының оң тəжірибесі ескерілді. Нəтижесінде моноқалалар үш топқа жіктелді, олардың əрқайсысына қатысты басым шаралар айқындалды. Олардың қатарында инженерлік жəне əлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, өркендеудің жаңа бағыттарын анықтау, IT, АӨК, туризм жəне ғылым салаларындағы инвестициялық жобаларды іс ке асыру, көлік дəліздері бойындағы сервистік қызметті дамыту, индустрия лық жəне шағын өнеркəсіптік аймақтарды қалыптастыру жұмыстары бар. Жаңа өндірістік қуатты орнықты жүктеуге бағытталған отандық өндірушілермен ұзақмерзімді келісімшарттар мен офтейк-келісімдер тетігін одан əрі дамытуға жəне қолдануға ерекше назар аударылды. Бүгінде Екібастұз қаласы экономикасын көтерудің жəне əртараптандырудың орнықты серпіні бар. Бұл ретте 800-ден астам жұмыс орнын аша отырып, құны 138,4 млрд теңге болатын ферроқорытпа зауытын салу жобасын іске қосу, сондай-ақ индустриялық аймақ қалыптастыру маңызды рөл атқарды. Үкімет басшысының айтуынша, моноқалалар «өсуге ықпал ете алатын» аймақтарға айнала алады. Біз бұған «жасыл» технологиялар мен цифрлы инфрақұрылымның немесе креативті экономиканың даму мүмкіндіктері ретінде қарауымыз керек. Болашақ индустриясы осындай шағын қалаларда бастау алуы керек. Моноқалалардың экономикасын əртараптандыруға баса назар аудару қажет. Бұл олардың экономикасын көтеруге жəне моноқалалар қатарынан шығуына мүмкіндік береді. Мысалы, қазіргі уақытта Екібастұз экономикалық құрылымы əртүрлі, көпсалалы қалаға айналуда. Яғни, ол үшін моноқала мəртебесі өзекті емес. Заманауи стандарттарға сəйкес келетін жаңа инфрақұрылымдық саясат құру бойынша жұмысты күшейту қажет.
А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»