Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар

Қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар азаятын емес, керісінше артып келеді.

Елімізде неке-отбасылық қатынастар Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексімен (әрі қарай –Кодекс) реттеледі және осы Кодекске сәйкес, неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.

Аталған Кодекс ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды және олардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Неке қию (ерлі-зайыпты болу) үшін некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) еркек пен әйелдің ерікті әрі толық келісімі және олардың неке (ерлі-зайыптылық) жасына толуы қажет. Яғни, неке қию деп кәмелетке толған ер жеткен азамат пен бойжеткен қыздың, сондай-ақ ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынастың заң жүзінде бекітілуін айтады. Сондай-ақ, неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

Жалпы, отбасы әр адамның өмірінде, қоғам мен мемлекетте ерекше маңызды орын алатыны мәлім. Өйткені отбасы әр адамзат үшін махаббат, жылулық, моральді тұрғыдан күш-жігер мен қолдауды білдіреді. Жалпы, отбасының мықты, сенімді, әрі берік болуы ер мен әйелдің өздеріне байланысты, яғни олардың арасында қаншалықты өзара түсіністік болса, соншалықты сыйластық болады деген сөз, ал отбасы өз кезегінде қоғамның дамуына, оның тұрақты болуына өз үлесін қосады.

         Әке мен ананың, яғни отбасының ең маңызды қызметінің бірі – балаға дұрыс тәрбие беру деп білемін, өйткені оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайтыны анық.

Балаға өмірдің құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың дұрыс тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – әкесі мен анасының ең маңызды міндеті болып табылады. Тіпті әке мен ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру қағидаттары, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бала үшін үлкен өнеге. Ал бала өз әке-шешесіне қарап, оларды өзінің болашағы үшін үлгі ететіні анық.

Неке-отбасылық даулардың түрлеріне келсек, мысалы:

  • Неке бұзу, яғни даудың ең кең тараған түрі;
  • Балаларға қатысты даулар, яғни балалардың кіммен қалуы немесе баланың тұрғылықты жерін анықтау;
  • Баламен кездесу уақытын белгілеу;
  • Ата-аналық құқықтарды шектеу немесе айыру;
  • Әкелікті анықтау;
  • Мүлікті бөлу;
  • Алимент өндіру, төлеу, оның мөлшерін өзгерту мәселелері қаралады.

Өкінішке орай, қазіргі таңда тұрмыс құрған адамдардың ажырасуға деген бейімділігін байқауға болады. Әсіресе, шаңырақ көтерген жастардың арасында түсініспеушіліктер көп туындайды. Соның салдарынан жастар арасында ажырасу фактілері орын алады. Мәселен, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2026 жылдың 1-тоқсанында неке бұзуға 520 талап арыз түскен. Бұл көрсеткіш, әрине, өте жағымсыз және мұндай талап арыздардың да саны өсіп келе жатқанын атап өту қажет.

Жоғарыда аталып өткен неке-отбасылық даулар сот тәртібімен, кей жағдайларда медиация (бітімгершілік) арқылы, яғни дауласушы тараптардың бір ортақ келісімге келуі арқылы шешіледі. Мәселен, сотқа неке бұзу бойынша талап арызбен жүгінген тараптар өзара ортақ шешімге келіп, татуласып, талап арыздарын қайтарып алатын жағдайлар да жиі кездеседі.

Сот дауды қарау кезінде баланың мүддесін бірінші орынға қояды, сондай-ақ тараптардың тең құқықтылығын қамтамасыз ете отырып шешім шығарады.

Қорытындылай келе, неке және отбасылық қатынастардан туындайтын дауларды шешу барысында заң талаптарын сақтау, өара түсіністік пен жауапкершілік маңызды. Алайда, отбасының тұрақтылығы, беріктілігі тек құқықтық нормаларға ғана емес, сонымен қатар өзара құрмет пен сенімге де байланысты екенін ұмытпайық.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы Абдумалик Адилов.

Ата-ана құқықтарын шектеу және бала мүддесі

Елімізде ата-ана құқықтарын шектеу негіздері, шарттары Қазақстан Республикасының Неке...

Сотқа құрмет әрқашан маңызды

Қазақстан егеменді ел болып, еңсесін тіктеп, еркін тыныс алғанына...

Сот мұрағатының жұмысы                      

Соттардағы мұрағат жұмысы сот іс жүргізуінің  негізгі бөлігі. Мұрағат дегеніміз...

 СОТ ТӨРЕЛІГІ — ХАЛЫҚ СЕНІМІНДЕ

Ерте кезден-ақ даулы істерді жүгінгенде төрелігін дұрыс айтқан кемеңгер...

QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады

Қостанай өңірі еліміздің цифрлық трансформациясындағы жетекші орталықтардың біріне айналғанын...