Сот мұрағатының жұмысы                      

Соттардағы мұрағат жұмысы сот іс жүргізуінің  негізгі бөлігі. Мұрағат дегеніміз тарихи деректік құжаттар сақталатын алтын қазына. Мұрағатта әр кезеңдегі тарихи оқиғалар, дипломатикалық қарым-қатынастар, қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық бағыттары жөнінде құнды құжаттар сақталатыны бәрімізге мәлім. Сондықтан да соттарды, мекемелерде іс қағаздары бекітілген номенклатура негізінде іс-шаралардың құжаттары, өндірісте аяқталған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер мұрағатқа тапсырылады.

Жыл сайын сот мұрағатына аяқталған істер, журналдар мен нарядтар, есептік-ақпараттық құжаттар тапсырылады. Мұрағат жұмысының басты бағыты істерді электронды түрде есепке алу мен оларды беру. Судьялар мен сот мамандары мұрағат істерін қызмет бабында қолдануға құқылы. Мұрағатшы істерді, материалдарды сақтауға қажетті жағдайларды жасайды, сұрау хаттар бойынша мұрағат істерінен құжаттардың көшірмелерін береді, сот мұрағаты журналын жүргізеді. 

Мұрағаттың негізгі міндеттері құжаттарды жинау, мұрағатта уақытша сақталатын құжаттар құндылығына сараптама жүргізудің сапасын, сақтауын, есепке алуын және пайдалануын қамтамасыз ету және ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызылған құжаттарды мемлекеттік мұрағат мекемесі тұрақты сақталуына дайындау және тапсыру, ұйымдағы іс жүргізу мен мұрағат ісін жетілдіру саласына әдістемелік басшылықты жүзеге асыру болып табылады.    

Маңғыстау облысының қылмыстық 

істер жөніндегі  мамандандырылған 

ауданаралық сотының бас маманы

                                                             О.Т.Алдабергенова

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғыру мен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа қадам

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі...

Парламентские выборы в Казахстане: новый шаг на пути модернизации и лидерства в Центральной Азии

Предстоящие парламентские выборы станут закономерным этапом политических преобразований в...

Жалған адам ұрлау мен донат үшін төбелес: Қазақстанда 9 стример жауапқа тартылды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент...

Псевдопохищение и драка за донаты: 9 стримеров наказали в Казахстане

Министерство внутренних дел Казахстана привлекло к административной ответственности девять...

Отбасылық дауларды шешудегі медиацияның маңызы

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ұлттың рухани және адамгершілік...