12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАР АДЫМДЫ АШТЫРАР ЕМЕС

Алаяқтарға адамдық сезім жат. Ақша мен көлденең табыс үшін жақынын да құрдымға жіберетін алаяқтардың әрекеті сөзіміздің нақты дәлелі. Алайда, айналамызда қаншама адам алаяқтардан зардап шегіп, қаншама ескерту беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілсе де, барын еш күдіктенбей бейтанысқа ұстата салатын, жоқ болса несие алғызып қарызға белшесінен батыратындар саны азаяр түрі жоқ. Әсіресе, жаңа технология мүмкіндіктерін қару еткен интернет алаяқтарының қулығына құрық бойламайды.

Интернет-алаяқтық – бүгінгі заманның дерті. Цифрлық технологиялар дамыған сайын алаяқтардың əдістері де күрделеніп барады. Күн өткен сайын жаңа əдіс тауып, сенімді сөйлеп, дегенін істететін алаяқтарға тосқауыл қою үшін ауқымды шаралар қолға алынып жатыр. Алайда, ақпараттық, насихат жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан, алаяқтардың арбауына түскендер баршылық. Қазіргі кезде интернет-алаяқтықтың бірнеше түрі белгілі. Соның ішінде фишинг, интернет-дүкен арқылы алдау, жалған инвестиция, лотерея, кредит алып берем деген ұсыныстар, əлеуметтік желі арқылы алдау, банктік карталар дерегін ұрлау арқылы алаяқтық жасау əрекеті жиі кездеседі. Ең өкініштісі, интернет-алаяқтар торына тек қаржылық сауаты төмен, қарапайым азаматтар ғана ілініп жатқан жоқ. Жоғары лауазымды қызмет атқарған, құқық, заң саласынан хабары бар, көзі ашық, көкірегі ояу, білімді, танымал азаматтар да алаяқтардың арбауына түсуде. Соған орай қаржылық сауатты арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу маңызды. Халық мүддесі басты орында тұратын мұндай сауаттандыру жұмыстарынан құқық қорғау, сот, прокуратура органдарының қызметкерлері ғана емес, жалпы жұртшылық шет қалмағаны абзал. Интернет алаяқтықтың алдын алу үшін кез келген азамат мынаны қаперінде ұстауы керек. Біріншіден, азаматтар өзі ғана білетін жеке деректерін (ЖСН, карта нөмірі, SMS-код) ешкімге бермеуі, оңай жерге жазып қалдырмауы керек. Сондай-ақ тексерілмеген сілтемелерге өту, күмəнді файлдарды ашу да қауіпті. Сонымен қатар интернеттен тауар сатып аларда ақша жібермес бұрын сайттың ресми екенін тексеру орынды. Кейбір азаматтар бір күндік сайттардың ақпаратына алданып не тауарсыз, не ақшасыз қалып жатады. Интернет алаяқтардың алдауына түспеуде екі факторлы аутентификацияны қолданудың, антивирустық бағдарламаларды жаңартып отырудың көмегі көп. Қоғамдық Wi-Fi арқылы банк операцияларын жасаудың да салдары ауыр. Тағы бір ескерерлігі, ешқандай полиция, ҰҚҚ, прокуратура, банк қызметкерлері SMS-код сұрамайтынын есте сақтаған тиімді. Міне, осы қарапайым қағидаларды үнемі қаперде ұстау интернет-алаяқтарға қатысты қауіптен сақтайды. Біздің елімізде алаяқтарға қолданылатын жаза да қатаң. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы жəне 207-бабында интернет алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ішкі істер органдары мен банк құрылымдары бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Интернет алаяқтықтың алдын алу – қазіргі қоғамда аса маңызды мəселе. Сондықтан əр азаматтың интернеттегі қауіпсіздік ережелерін білуі – өте өзекті.

Қанат НҰРҒАБЫЛҰЛЫ, Мұнайлы аудандық сотының судьясы МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

Аспекты таможенной экспертизы

В этом году исполнилось 30 лет Конституции Казахстана. Напомним,...

Профилактика как гарант законности и порядка

СОТРУДНИКИ ПРОКУРАТУРЫ Г. ШЫМКЕНТА СОВМЕСТНО С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ УПОЛНОМОЧЕННЫХ ОРГАНОВ...

Вектор развития науки и образования

Преподаватели и студенты Казахского национального университета им. аль-Фараби совместно...

Құжатқа апостиль қою – енді онлайн қолжетімді

Қазіргі заман талабы – бәрін цифрландыру. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің...

Факторы человеческого капитала

Как всем известно, 8 сентября 2025 года на совместном...