12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Интернеттегі алдану: алаяқтықтың сұм айласы

Цифрлы технология күн санап дамып, интернет желісі халықтың күнделікті өмірінде басты орынға айналды. Әлеуметтік желіде хат алмасу, сауда жасау, қызметке орналасу сияқты істердің барлығы бүгінде онлайн түрде шешіледі. Алайда осы мүмкіндіктердің көлеңкесінде интернет алаяқтарының әрекеті де белең алып келеді.

Қауіпсіздік осалдығымыздан басталады

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары интернет алаяқтық қылмыстары күрт өсіп отыр. Мыңдаған азамат онлайн сауда, банктік операциялар немесе жалған инвестициялық жобалар арқылы алаяқтардың арбауына түсіп, ақшасынан және жеке деректерінен айырылып жатыр.

Алаяқтықтың кең таралған түрлері

Интернеттегі алаяқтық әртүрлі формада көрініс табады. Соның ішінде жиі кездесетіндері:

 • Фишингтік шабуылдар — банктің немесе танымал сервистің атынан жалған хаттар жолдап, қолданушыдан жеке мәліметтерді сұрау;

 • Онлайн саудадағы алдау — тауар сатамын деп алдын ала төлем алып, кейін хабарсыз кету;

 • Жалған инвестициялық жобалар — көп табыс уәде етіп, қаржы пирамидаларына ақша тарту;

 • Әлеуметтік желі арқылы алдау — бұзылған аккаунттар арқылы достардан ақша сұрау немесе жалған ұтыс ойындарын ұйымдастыру;

 • Жұмысқа қабылдау желеуімен алдау — үйден жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынып, бастапқы жарна талап ету.

Киберқауіпсіздік – әр азаматтың ортақ міндеті

Қауіпсіздік мамандары интернетте абай болуға, жеке деректерді кез келген адаммен бөліспеуге кеңес береді. Сонымен қатар, тексерілмеген сілтемелерге өтпеу, банк қосымшаларында қосфакторлы қорғау орнату және ресми сайттарды ғана пайдалану – алаяқтардың құрбаны болудан сақтайды.

Заң не дейді?

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес, алаяқтық үшін айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған. Интернет арқылы жасалған қылмыстар да осы бап аясында қаралады. Соңғы уақытта мұндай істердің саны артқандықтан, құқық қорғау органдары арнайы киберқылмыс бөлімшелерін күшейту жұмыстарын жүргізуде.

Ақпараттық технологиялар дамыған заманда интернетті сауатты пайдалану – баршамызға жүктелетін жауапкершілік. Алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін әр азамат сергек, сақ әрі саналы болуы тиіс. Қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі – әрқайсымыздың таңдауымыз бен әрекетімізге байланысты.                                                                                     

Қызылорда қалалық соты әкімшісінің 

жетекші маманы Әбдуәли Л.Р.

Состоялось заседание Комитета профсоюзной организации области Абай

В городе Семей прошло заседание Комитета Общественного объединения «Профсоюзная...

Аягөз аудандық пробация қызметі тарапынан қайырымдылық көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айы аясында Аягөз аудандық пробация қызметі бөлімінің...

Азаматтардың 70%-дан астамы жаңа Конституция бойынша референдумға қатысуға ниетті

Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы...

Алматы метрополитені қызметкерлері референдумды қолдайды

Қалалық Жалпыұлттық коалиция өкілдері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Көк Төбе» демалыс саябағының ұжымымен кездесу өткізді

Қалалық Жалпыұлттық коалиция мүшелері — Бахтияр Камалов пен Досымбек...