Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде әскери қызметшілердің жоғары тәртібі, кәсіби адалдығы мен заңға бағынушылығы айрықша мәнге ие. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін төмендететін, қоғамдық сенімге нұқсан келтіретін және әскери саладағы жауынгерлік әзірлікті әлсірететін басты қауіптердің бірі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы мен «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» негізінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты қоғамдық менталитет пен әскери ортаның ажырамас бөлшегіне айналуда. Бұл мақалада әскери ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық тәрбие беру және жеке құрам арасында заңды жауапкершілікті түсіндірудің стратегиялық аспектілері қарастырылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бұл тек жазалау шаралары емес, ең алдымен жүйелі түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және заң мен тәртіпті бқзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру. Әскери салада құқықтық тәрбие беру мынадай іргелі бағыттар арқылы жүзеге асырылады:

Құқықтық сауаттылықты арттыру, яғни әскери қызметшілерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын, мүдделер қақтығысын реттеу талаптарын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жолдарын ұдайы түсіндіру.

Адалдық пен отаншылдық тәрбиесі, яғни әскери антқа адал болу, ар-намыс және офицерлік этика стандарттарын сақтау. Заңға бағынушылық – әскери рухтың негізі ретінде дәріптеледі.

Алдын алу (превенция) тетіктері,яғни әскери бөлімдерде, кадрлық тағайындауларда және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бағыттарында сыбайлас жемқорлық факторларын алдын ала талдау және жою.

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы мен Қылмыстық кодексіне сәйкес, әскери қызметшілерге арнайы құқықтық шектеулер мен жоғары жауапкершілік жүктелген. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар үшін заңнамада әкімшілік, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қатаң белгіленген:

Тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік: Мүдделер қақтығысын жасыру, заңсыз сыйақы алу немесе қызметтік өкілеттігін жеке басының мүддесіне пайдалану деректері бойынша атқаратын лауазымынан босатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылады.

Қылмыстық жауапкершілік: Парақорлық, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, әскери мүлікті талан-таражға салу немесе жымқыру сияқты қылмыстар бойынша қылмыстық кодекс аясында бас бостандығынан айыру және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазалары көзделген.

Әскери соттар мен прокуратураның орны: Әскери соттар мен Бас әскери прокуратура органдары әскери ортада заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қадағалап, заң бұзушылықтарға тосқауыл қояды.

 «Заң мен Тәртіп» идеологиясы әскери басқару жүйесін модернизациялаудың өзекті бағдары болып табылады. Ол әскери ортада мынадай өзгерістерді талап етеді:

Сервистік модель және ашықтық: Қорғаныс және әскери басқару органдарының қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету, электронды сатып алу және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру арқылы адам факторының теріс әсерін барынша азайту.

Басшылықтың жеке үлгісі: Командирлер мен бастықтардың бағынысты жеке құрам алдындағы ашықтығы, әділдігі және сыбайлас жемқорлыққа карсы күресте жеке үлгі көрсетуі.

Қоғамдық бақылау мен сенім: Әскери құрылымдардың ашықтығы азаматтардың әскерге, әскери соттарға және мемлекеттік институттарға деген сенімін бекітеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – бұл әрбір әскери қызметшінің азаматтық әрі кәсіби міндеті. Әскери ортада құқықтық тәрбие беруді күшейту, жауапкершілікті бұлжытпай түсіндіру және «Заң мен Тәртіп» қағидатын толыққанды орнықтыру – Әділетті Қазақстанның қуатты әрі ар-намысы биік Қарулы Күштерін қалыптастырудың негізгі шарты.

Алматы гарнизоны әскери сот әкімшісінің басшысы

Саткулова Дамира Бақтыбайқызы

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...

АЛМАТЫДАҒЫ СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА МЕШІТ ИМАМЫ КІТАП ОҚУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға,...

Цифрлық технология сот жұмысын жандандырды

Цифрлық технология мен жасанды интеллект сот жүйесін жаңғыртты. Заманауи...