Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару жүйесін, оның ішінде елдің қорғаныс қабілеті мен жауынгерлік әзірлігінің арқауы саналатын әскери саланы жаңғыртудың стратегиялық темірқазығы. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) жария-құқықтық қатынастарда заңдылық режимін орнықтырудың, мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз етудің және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түбегейлі жоюдың негізгі құқықтық институты болып табылады.

ӘРПК-нің қолданылу шегіне тоқталсақ, Кодекстің 3-бабының 5-тармағына сәйкес, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібіне қатысты нормалар (12, 13, 14 және 15-тарауларды қоспағанда) арнайы мемлекеттік органдарға қатысты қатынастарға тікелей қолданылмайды. Дегенмен, әскери басқару органдарының (ҚР Қорғаныс министрлігі, Қарулы Күштердің Бас штабы, әскери бөлімдер мен мекемелер) азаматтармен және заңды тұлғалармен жария-құқықтық қатынастарында, сондай-ақ ішкі әкімшілік-өкімдік қызметінде ӘРПК-нің 2-тарауында белгіленген негізгі қағидаттар мен ішкі әкімшілік рәсімдер нормалары толық көлемде қолданылады.

ӘРПК нормаларына сәйкес әскери басқару жүйесінде «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудың басты құқықтық ойлар мынадай түйінді бағыттармен айқындалады:

Жария-құқықтық ортада заңдылықты нығайту:  Әскери басқару органдары мен лауазымды тұлғалар кез келген әкімшілік рәсімді тек өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының Конституциясына, ӘРПК-не және өзге де нормативтік құқықтық актілерге қатаң сәйкестікте жүзеге асыруға міндетті.

Тиімді, ашық әрі цифрландырылған мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету:  Әкімшілік рәсімдер азаматтар мен әскери қызметшілердің жария құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін толық іске асыруға, жеке және қоғамдық мүдделердің әділ теңгерімін сақтауға, сондай-ақ басқару процестерін цифрлық трансформациялау арқылы ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету:  Лауазымды тұлғалардың әкімшілік пайымдауын (дискрециясын) заңмен белгіленген қатаң шектерде ұстау, бірізді әкімшілік тәжірибені орнықтыру және лауазымды тұлғалардың шешімдеріне қойылатын талаптарды нақтылау арқылы жемқорлық көріністерінің алдын алудың берік құқықтық сүзгісі жасалады.

ӘРПК-нің 2-тарауында бекітілген қағидаттар — жария-құқықтық ортадағы кез келген басқарушылық қызметтің императивті құқықтық негізі. ӘРПК-нің 6-бабының 4-тармағына сәйкес, бұл қағидаттарды бұзу сипаты мен мәніне байланысты қабылданған әкімшілік актілерді, әкімшілік әрекеттерді (әрекетсіздікті) заңсыз деп тануға әкеп соқтырады.

Төменде әкімшілік рәсімдердің негізгі қағидаттары, олардың заңнамалық мазмұны және әскери тәртіп пен жемқорлықтың алдын алудағы сараптамалық маңызы бейнеленген:

Заңдылық қағидаты, «Әкімшілік орган, лауазымды тұлға әкімшілік рәсімдерді өз құзыреті шегінде және заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Заңға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілерді қолдануға тыйым салынады.»,Лауазымды тұлғалардың билікті асыра пайдалануына жол бермейді. Әскери басқарудағы әрбір бұйрық пен өкімнің тек қолданыстағы заңнама шеңберінде қабылдануын талап етеді.

Әділдік қағидаты,»Әкімшілік істі қарау кезінде объективтілік пен бейтараптықты сақтау, қатысушылардың барлығына өз құқықтарын толық іске асыру үшін тең мүмкіндіктер мен жағдайлар жасау.»,»Тәртіптік тергеп-тексерулер мен кадрлық шешімдерде субъектілікке, алалаушылыққа немесе жеке бас мүдделеріне жол бермейді, әскери ұжымда әділдік ахуалын қалыптастырады.»

Парасаттылық қағидаты, Әкімшілік дискрецияны (пайымдауды) жүзеге асыру кезінде қатысушы мен қоғам мүдделерінің әділ теңгерімін сақтау. Акт немесе әрекет:

1)  Жарамды  (заңды мақсатқа жету үшін қолайлы);

2)  Қажетті  (құқықтарды ең аз дәрежеде шектейтін);

3)  Пропорционалды  (келтірілген зияннан қоғамдық игілік басым) болуы тиіс.

Командирлердің тәртіптік жаза қолдану кезінде шамадан тыс қатаң немесе негізсіз шектеулер қоюын бұғаттайды. Жазаның сипаты теріс қылықтың ауырлығына сай болуын қамтамасыз етеді.

Сенім құқығын қорғау, Азаматтың орган қызметіне сенімі қорғалады. Лауазымды тұлғаның кінәсінен қабылданған заңсыз акт қатысушыға ауыртпалық туғызбауы тиіс.  Сенім құқығы заңсыз әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауды негіздеу болуы мүмкін емес. Әскери қызметшілерді басшылықтың заңсыз актілерінің салдарынан қорғайды. Әрі лауазымды тұлғаның «басшының бұйрығына немесе бұрынғы тәжірибеге сендім» деп заңсыздық пен жемқорлықты ақтауына тыйым салады.

Формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу ,»Заңнамада белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатында қатысушының құқығын шектеуге, бас тартуға немесе оған қосымша міндеттер жүктеуге тыйым салынады.»,»Жасанды бюрократиялық кедергілерді, азаматтар мен әскери қызметшілерден заңсыз құжаттар талап ету арқылы парақорлық пен жемқорлық сыбайластығын тудыру тәуекелдерін жояды.»

Мәліметтердің шынайылығы презумпциясы, «Қатысушы ұсынған материалдар, құжаттар мен мәліметтер керісінше дәлелденгенше шынайы деп саналады. Күдік болған жағдайда орган өз бетінше тексеруге міндетті.»,»Бағыныстылар мен азаматтар тарапынан ұсынылған құжаттарға алдын ала сенім білдіреді, сонымен бірге лауазымды тұлғаға күдікті ақпаратты бейтарап тексеру міндетін жүктейді.»

Мемлекеттік басқару жүйесінде, соның ішінде әскери құрылымдарда тәртіп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастырудың пәрменді тетігі — ӘРПК-нің 38-бабында реттелген ішкі бақылау институты.

ӘРПК-нің 38-бабының 1-тармағына сәйкес ішкі бақылау:

Жеке қолданылатын құқықтық актілердің орындалуына;

Президенттің, Үкіметтің және мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларының тапсырмаларының орындалуына жүргізіледі.

Ішкі бақылауды жүзеге асырудың заңнамалық түрлеріне қажетті ақпаратты сұрату, есептер мен баянаттарды тыңдау, ревизия және құжаттамалық тексеру, сондай-ақ көшпелі тексерулер жүргізу жатады (38-баптың 2-тармағы).

ӘРПК-нің 38-бабының 3-тармағына сәйкес ішкі бақылаудың басты параметрлері маңыздылығы бойынша төмендегідей реттеледі:

Басқарушылық қызметтің қойылған тапсырмаларға сәйкестігі:  Құрылымдық, аумақтық бөлімшелердің, бағынысты мемлекеттік органдар мен мекемелердің және олардың лауазымды тұлғалары қызметінің өздеріне жүктелген міндеттерге толық сәйкес келуін айқындау.

Орындалу уақтылылығы мен толықтығы:  Қабылданған шешімдердің, өкімдік актілердің және жоғары тұрған органдар мен басшылар тапсырмаларының белгіленген мерзімдерде әрі толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету.

Заңнама талаптарын қатаң сақтау:  Құқықтық актілерді орындау және қызметтік міндеттерді жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының бұлжытпай сақталуын тексеру.

Сонымен қатар, ӘРПК-нің 38-бабының 4-тармағына сәйкес ішкі бақылау тек тексерумен шектелмейді, ол терең сараптамалық талдау тетіктерін қамтиды. Бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті бөлімше немесе лауазымды тұлға:

Жеке қолданылатын құқықтық актінің орындалу дәрежесі мен сапасын талдайды;

Орындаудағы ауытқуларды анықтап, олардың туындау себептерін және жою шараларын айқындайды;

Тапсырманы бақылаудан шығару немесе оның орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін негіздейді;

Орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін нақты лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін белгілейді.

Сондай-ақ, ӘРПК-нің 41-бабына сәйкес мемлекеттік органның функциялары төрт санатқа бөлінеді:  стратегиялық  (ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, жоспарлау),  реттеу (нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, координаттау),  іске асыру (жоспарлы құжаттарды орындау, мемлекеттік қызметтер) және  бақылау  (тексеру мен қадағалау жүргізу).

ӘРПК-нің 41-бабының 3-тармағында мемлекеттік органдарға заңнамада көзделмеген функцияларды жүзеге асыруға қатаң тыйым салынған. Бұл норма әскери басқару органдарының өз өкілеттігін заңсыз кеңейтуіне, негізсіз тексерулер жүргізуіне және былықшарлық пен жемқорлық схемаларының пайда болуына жол бермейтін маңызды заңнамалық шектеу болып табылады.

Әскери саладағы дара басшылық қағидаты — әскери басқарудың, жоғары жауапкершілік пен жауынгерлік әзірліктің негізі. Бұл институт ӘРПК-нің 42-бабында реттелген  «Жеке-дара өкімдік қызмет»  құқықтық категориясымен тығыз синергияда іске асады.

ӘРПК-нің 42-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке-дара өкімдік қызмет дегеніміз — лауазымды тұлғалардың жеке қолданылатын құқықтық актілерге дара қол қоюы, бағынысты қызметкерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар беруі және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру бойынша басқа да ұйымдастырушылық-өкімдік шараларды жалғыз өзі қабылдауы.

Сараптамалық тұрғыдан алғанда, әскери саладағы оперативтік-жауынгерлік (тактикалық) бұйрықтар мен әкімшілік-өкімдік актілердің (жеке қолданылатын құқықтық актілердің) аражігін ажырату қажет. Оперативтік бұйрықтар жауынгерлік міндеттерді орындауға бағытталса, жеке қолданылатын әкімшілік-өкімдік актілер (кадрлық тағайындаулар, материалдық-техникалық құралдарды есептен шығару, мемлекеттік сатып алу, бюджеттік қаражатты бөлу) ӘРПК-нің 42-бабының талаптарына толық бағынады.

Бұл ретте командирлердің жауапкершілік аймағы мен бағыныстылардың міндеттері мынадай құқықтық режимде айқындалады:

Басшының дербес жауапкершілігі:  Мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік органды жеке-дара өкімдік қызмет арқылы басқарады және  қабылданған шешімдердің заңдылығы үшін дербес  жауапкершілік көтереді. Командирдің дербес жауапкершілігі — бұл жеке бас мүддесін көздейтін заңсыз өкімдер беруге, билікті асыра пайдалануға және материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі жемқорлыққа жол бермейтін басты «құқықтық сүзгі».

Бағынысты тұлғалардың міндеті:  Төменгі лауазымды тұлғалар өз әрекеттерін жоғары лауазымды тұлғаның шешімдеріне қатаң сәйкестікте жүзеге асырады және олардың басты міндеті — уәкілетті тұлғаның өкімдік қызметін қамтамасыз ету.

Бағынысты тұлғалардың командир бұйрықтарын орындау міндеті заңсыз бұйрықтарға қолданылмайды. ӘРПК-нің 13-бабының 4-тармағында көрсетілгендей, сенім құқығы заңсыз әрекеттерді жасауды ақтауға негіз бола алмайды. Сонымен қатар, кез келген заңсыз өкім берген басшы да, оны біле тура орындаған бағынысты тұлға да заңмен белгіленген жауапкершіліктен босатылмайды.

Әскери ұжымдарда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті, ашықтық пен болжамдылықты қалыптастырудың негізгі тетігі —  әкімшілік тәжірибенің бірізділігінқамтамасыз ету. ӘРПК-не енгізілген 15-1-бап бұл процесті заңнамалық тұрғыдан бекітеді.

ӘРПК-нің 15-1-бабына сәйкес бірізді практиканы орнықтырудың құқықтық жолдары:

Құқық нормаларын біркелкі қолдану:  Әкімшілік рәсімдер құқық нормаларын нақты қатынастарға қолдану арқылы, барлық құқық көздерін, соның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын, сондай-ақ ұқсас мәселелер бойынша бұдан бұрын қабылданған әкімшілік актілерді ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс (15-1-баптың 1-тармағы).

Үлгілік нысандарды енгізу:  Әкімшілік органдар әкімшілік актілердің үлгілік нысандарын (үлгілерін) және бланкілерін әзірлеу және бекіту шараларын қабылдауға міндетті (15-1-баптың 3-тармағы). Үлгілік бланкілерді енгізу шешім қабылдаушы лауазымды тұлғаның субъективті дискрециясын максималды түрде шектеп, адами факторды жою арқылы парақорлық тәуекелдерін кеседі.

Тұрақты талдау мен мониторинг жүргізу:  Орган басшылары бірдей құқықтық нормаларды қолдану мәселелері бойынша жүйелі талдау жүргізуді және біртектес мәселелер бойынша әртүрлі шешімдердің қабылдану себептерін анықтауды қамтамасыз етеді (15-1-баптың 4-тармағы).

Әскери басқару практикасында бірізділікті енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ең жоғары саналатын салаларда теріс көріністерді жоюға мүмкіндік береді:

Кадрлық тағайындаулар менлауазымдық өсу:  Стандартталған критерийлерді қолдану субъективизм мен протекционизмді жояды;

Әскери қызметшілерді тұрғын үймен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету: 

Үлгілік бланкілер мен бірізді кезектілік шешімдерді бұрмалауға жол бермейді;

Кезекті әскери шендерді беру және тәртіптік жазаларды қолдану: 

Біркелкі тәжірибе командирлердің жеке көзқарасы бойынша жаза қолдану немесе көтермелеу қаупін сейілтеді.

Түйіндей келе, ӘРПК нормаларын әскери басқару мен мемлекеттік қызмет практикасына қатаң әрі толық енгізудің келесі стратегиялық нәтижелерін атап өтуге болады:

Дара басшылық пен заңдылықтың құқықтық синергиясы қамтамасыз етіледі: 

ӘРПК-нің 42-бабы негізінде командирлердің жеке-дара өкімдік қызметі заңдылықпен шектеліп, қабылданған әрбір шешім үшін дербес жауапкершілік күшейтіледі. Бұл билікті асыра пайдалану мен негізсіз өкімдер берудің алдын алатын басты тосқауыл болып табылады.

Әкімшілік іс жүргізу тәжірибесінің бірізділігі арқылы жемқорлық тәуекелдері жойылады: 

ӘРПК-нің 15-1-бабына сәйкес үлгілік бланкілерді енгізу, Конституциялық Сот пен Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын біркелкі қолдану лауазымды тұлғалардың субъективті дискрециясын азайтып, кадр, тұрғын үй және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында ашықтықты орнықтырады.

Пәрменді ішкі бақылау жүйесі арқылы қорғаныс қабілеті нығаяды: 

ӘРПК-нің 38 және 41-баптарында белгіленген ішкі бақылау параметрлері (сәйкестік, мерзімділік, заңдылық) мен талдау тетіктерін сақтау мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық функциялардың мүлтіксіз орындалуына кепілдік береді.

Заңға деген сенім құқығы бекітіліп, әскери тәртіп сапалы жаңа деңгейге көтеріледі: 

ӘРПК-нің 7–15-баптарындағы әділдік, тепе-теңдік, сенім құқығын қорғау және шынайылық презумпциясы қағидаттарын сақтау әскери қызметшілердің мемлекетке деген сенімін бекемдеп, әскери ұжымдарда «Заң мен Тәртіп» идеологиясының үстемдік құруын қамтамасыз етеді.

Алматы гарнизонының әскери сот судьясы

Рахматулин Хасан Шамильевич

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

АЛМАТЫДАҒЫ СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА МЕШІТ ИМАМЫ КІТАП ОҚУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға,...

Цифрлық технология сот жұмысын жандандырды

Цифрлық технология мен жасанды интеллект сот жүйесін жаңғыртты. Заманауи...