Наурызбай ауданының демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жүрген балалар үшін Көлсай көліне экскурсия ұйымдастырылды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен Наурызбай ауданының демалыс орталықтары Көлсайға саяхат жасады.

2025 жылдың 12 шілдесінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Наурызбай ауданының демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жүрген балалар үшін Көлсай көліне экскурсия ұйымдастырылды.

Саяхатқа 50 бала жетекшілерімен бірге қатысып, табиғат аясында пайдалы әрі әсерлі демалыс өткізді. Балалар Көлсай көлінің ерекше табиғатымен, таулы аймақтың көркем көріністерімен танысты. Серуен барысында ұйымдастырушылар тарапынан балаларға тағам мен сусын ұсынылып, толыққанды демалыс қамтамасыз етілді.

Экскурсия балалардың табиғатты тануға қызығушылығын арттырып қана қоймай, олар үшін жаңа әсерлер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің тұлғалық және танымдық дамуына оң ықпал етеді.

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...