Арнайы жарық сигналдарын беруге арналған құрылғыны көлiк құралына  рұқсатсыз орнатқаны үшін айыппұл салынды

 

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБК-нің 603 бабы 2 бөлігі (Арнайы жарық сигналдарын беруге арналған құрылғыларды көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату) бойынша  азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғаны, азамат А. 20.02.2025 жылы  Өскемен қаласында 21 сағат 00 минутта Қ.Сатпаев даңғылымен жүріп, «Changan UNI-V»     маркалы көдлік құралын басқара отырып, 077ZOR16 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тиісті рұқсатсыз арнайы жарық сигналдарын орнатқанын  анықтады.

Өз іс-әрекеттерін азамат А. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы  30 маусымдағы №534 қаулысымен беітілген  Жол  жүрісі қағидаларының 3,15 тармағының талаптарын бұзған.

Сот отырысында азамат А. құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін мойындады және жарнама мақсатында  автомобильге строб шамдарын орнатқанын түсіндірді.

Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары  азамат А-ның түсініктемелерінен басқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция  қызметкерінің баянатымен, фотосуреттермен, бейнежазбалармен және істің басқа да материалдарымен расталды.

18 сәуір 2025 жылы сот қаулысымен  А. әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  603 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  20 АЕК мөлшерінде, жеңілдететін мән-жайды ескере отырып,  айыппұл мөлшерін 30 пайызға төмендетіп,  68810  теңге көлемінде  мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұл салынды.

 Қаулы заңды күшіне енген кезде Өскемен  қаласы полиция басқармасының сақтау камерасында  сақталатын «Barki Auto» маркалы алдыңғы әйнектің  Страбоскопы-  құрылғысы жойылуға жатады.

         Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Өскемен қаласының

әкімшілік құқық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған сотының 

баспасөз қызметі 

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...