12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Полициядағы бір күн: жас сақшылар департаментке саяхат жасады

Балаларды қорғау күніне орай Түркістан облысында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі Кентау қаласы мен Сауран ауданының «Жас сақшы» полиция сыныбы оқушыларының Полиция департаментіне саяхат жасауы. Мақсат – жас ұрпақтың бойына «Заң мен тәртіп» қағидатын сіңдіріп, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосу.

Өңірдің басты полиция ғимаратына қонаққа келген оқушылар бірінші кезекте департаменттің саптық алаңында құқық қорғау қызметкерлеріне қажетті арнайы қызметтік техникалармен танысты. Оқу-жаттығу взводы мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы ұйымдастырған арнайы қару-жарақтар көрмесін тамашалады.

Сондай-ақ оларға кинология қызметкерлерімен қызметтік иттердің іс-әрекет ету жаттығулары көрсетілді. «Қауіпсіз маршрут» және «Қауіпсіз қала» акциялары бойынша жол қауіпсіздігі туралы ақпараттық материалдар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетіліп, дәріс өтті.

Одан әрі оқушылар Түркістан облысын бейнебақылау камералары арқылы қадағалап отырған департаменттің Жедел басқару орталығында болды. Ондағы уақытпен санаспай қызмет жасайтын полицейлермен сұқбаттасты. Полицейлер іс-шара барысында оқушыларға көтеріңкі көңіл сыйлау үшін, уақытты қызықты өткізуге барын салды. Яғни жастар үстел теннисі және шахматтан жарысты. Сондай-ақ асфальтте сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Полиция тарапынан балмұздақтар таратылды.

Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев: «Құрметті жас достар! Біздің жұмыс орнымызға қош келіпсіздер! Сіздер біздің болашағымызсыздар. Сондықтан Сіздерден тек жақсы әрекеттер күтеміз. Келешектерің кемел болсын. Алдағы уақытта сауатты, білімді, елдің патриоты болып өсе беріңіздер!»-деп атап өтті. Шара соңында «Жас сақшыларға» естелік сыйлықтар үлестіріліп, күні бойы өткізілген жарыстарда жүзден жүйрік атанған жеңімпаздар марапатталды.

Өз кезегінде департаменттегі ұмытылмас бір күн үшін оқушылар алғыстарын білдіріп, тәртіп сақшыларына сәттілік тіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Строительство студенческих общежитий в Алматы: новые возможности для инвесторов

Проектный офис по строительству студенческих общежитий города Алматы приглашает...

Алматыда студенттік жатақханалар салу: инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашық

Алматы қаласындағы студенттік жатақханаларды салу жөніндегі жобалық кеңсе инвесторларды...

В Алматы проходит обучение молодежи навыкам безопасного поведения при ЧС

Управление молодежной политики города Алматы совместно с Департаментом по...

Сейсмикалық қауіпсіздік: Алматы жастары төтенше жағдайларға дайындықты меңгеруде

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті...

Молодежный совет: новый импульс для развития алматинской молодежи

С начала года во всех комьюнити-центрах нашего города проходят...