12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот жұмысы сот актілерінің орындалуымен бағаланады

Ел соттары шығарып жатқан шешімдер мен үкімдер уақытылы әрі сапалы орындалуымен  маңызды. Сот үкімі – қылмыстық іс бойынша бүкіл іс жүргізудің қорытындысы шығарылатын құқық қолданудың аса маңызды актісі болып табылады.Сондықтан, оны мүлтіксіз орындау, яғни, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулылардымемлекеттік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, лауазымды тұлғаларға,азаматтарға жаппай міндет. Оларды орындау үшін жолданған атқару парақтарында сот орындаушыларының мекен жайы дұрыс әрі анық көрсетілуі маңызды. Атқару парақтары орындаусыз кері  қайтарылған жағдайда  оның себеп-салдары анықталып, қайта орындауға жіберіледі. 

 ҚР Қылмыстық кодекстің  430-бабымен көрсетілгендей, сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау кімге болса да қылмыстық жауаптылық арқалатады. Бұдан әрі нақтыласақ, заңды күшiне енген сот үкімі мен шешімін немесе өзге де сот актiсiн не атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамағандарға және олардың орындалуына кедергi жасағандарға осы баппен сегіз жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары бекітілген. 

Соттың үкімі мен қаулысын өзінің қызметін пайдаланып орындамағандар  бес жылға дейін белгілі бір лауазымды немесе қызметпен атқара алмайды. Осы жазамен қатар, бір мың екі жүз сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы не үш жыл мен бес жыларалығында бас бостандығы шектелуі не сол мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.  

430-баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыс жасау кезінде өндiрiп алу сомасы ел заңнамасында белгiленген он мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын іс-әрекеттер, сол сияқты олардың орындалуына кедергі жасау – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыра отырып, бес жыл мен жеті жыл аралығында бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Айтып өтерлігі, осы 3-бөлікте көзделген қылмысты жасаған және сот үкімі шығарылғанға дейін берешегінің бүкіл сомасын өтеген адамға бас бостандығынан айыружазасы тағайындалмайды. Сот актілерін орындаудан жалтару мақсатында жасалған, заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтаруға байланысты істер бойынша сот шешімімен немесе үкім, қаулысымен тәркіленген, сол сияқты мемлекет кірісіне айналдырылған не тыйым салу қолданылған мүлікті заңсыз иеліктен шығару, ауыртпалық салу – 
 алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеледі.

Сот жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың ұсыныстарын, сотталғандардың арыздары мен өтініш хаттарын қарастыра отырып, үкімдердің орындалуына, сотталғандардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қадағалау жасайды. Өйткені, сот әділдігіне, мемлекет беделіне деген құрметісот актілері орындалғанда ғана жоғарылайды. Бұған сот актілерінің орындалуы заң үстемдігінің толық қамтамасыз етілуінің жарқын көрінісі ретінде бағалануы дәлел.

 
                                                                        Дастан Әлмағамбетов,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Антқа адалдық – мемлекетке адалдық

«Ең алдымен адамдар - адамға бағдарланған мемлекет» қағидасы халық мүддесін қорғаумен әлеуметтік...

Алаяқтар арбауынан құқықтық сауат құтқарады

 Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қою...

Кассациялық сот

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде сот билігі – мемлекеттік биліктің...