ЖАҰСО-да жол саласы мамандығы бойынша студенттерге арналған өндірістік тәжірибе маусымы ашық

Кәсіпорынның барлық филиалдарына 45 студент кәсіби жол шеберлігі бойынша тәжірибелік сабақтар алуға келді. Бұл өз алдына, сала бойынша білімін тәжірибе жүзінде қолдануға болатын алғашқы қадам деуге болады.

ALT университетінің 3-курс студенті Лаура Инабекова автомобиль жолдарын салу, жөндеу және реконструкциялау барысында қолданылатын инертті материалдар мен асфальтобетон қоспаларын сынақтан өткізетін зертханаға жіберілді. Бұл жерде оған асфальтобетонның, битумның, цементтің, топырақтың, органикалық және бейорганикалық байланыстырғыш материалдардың сапасына сараптама жүргізуді үйретеді. Жалпы, Жол активтері ұлттық сапасы орталығының зертханаларында ЖҚМ 200-ден астам түрі бойынша сынақ жүргізіледі.

«Мен осы мамандық бойынша оқып жатқандықтан, өз білімімді тәжірибе жүзінде қолдану – мен үшін үлкен мүмкіндік. Мұндай ауқымды әрі табысты кәсіпорынның жұмысына өз үлесімді қоса алатыныма қуаныштымын. Бұл жерде — ең озық тәлімгерлер»,- дейді Лаура

«Тәжірибе теориядан мүлде өзгеше, – дейді тәлімгер Мирас Калдыгулов. – Ең алдымен, өндірісте әрдайым жаңа технологиялар мен шешімдерге орын бар. Мұнда жан-жақты қолдау көрсетіледі».

«Мұндай стратегиялық маңызы бар өндірістік нысанда алғаш рет болуым. Бүгін, бірінші күннің өзінде асфальттың беріктік сипаттамаларын, жоғары және төмен температураларда қалай сақталатынын, боран мен жаңбыр сияқты сыртқы әсерлерге төзімділігін қалай тексеретінін білдім. Бұл – мен үшін баға жетпес тәжірибе, әрі маған  бұл үшін төлемақы төлейді», – деп өз ойымен бөлісті Шұғыла Құлжабек.

Кәсіпорындағы өндірістік тәжірибе ақылы, ай сайын 85 000 теңге төлейді. ЖАҰСО барлық бөлімшелерінде осы уақытқа дейін 243 студент тәжірибеден өтті, олардың 26-сы тұрақты жұмысқа қабылданып, кейбірі тіпті басшылық лауазымдарға дейін көтерілді. Осылайша жол саласының мамандары өз кәсібін насихаттап, жаңа кадрларды тартуға тырысуда, себебі бұл салада маман тапшылығы сезілуде.

«Біздің жұмысымыз – аса жауапты, өйткені күн сайын адамдар жүретін жолдардың қауіпсіздігі бізге байланысты! Біз студенттерге жол саласы мамандарының ар-намыс кодексін де үйретеміз» — дейді кәсіпорындағы тәжірибеден өтушілердің тәлімгері, жол саласында 30 жылдық еңбек өтілі бар Қайрат Каребаев.

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығы

Жалпы, кәмелетке толмағандар деп 18 жасқа толмаған тұлғаларды айтады....

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...