«Отбасының өнегесі – Отан өнегесі»: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

Отбасының береке-бірлігі – әр баланың болашағына салынған алғашқы кірпіш. Себебі халқымызда айтылғандай, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің». Әр шаңырақтың татулығы мен ауызбіршілігі – елдің тұрақтылығы мен дамуының негізі. Отбасындағы тәрбие – ұрпақтың өнегелі болмысының бастау көзі.

15 мамыр — Халықаралық Отбасы күніне орай аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі мен аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапхананың Коворкинг орталығында “Отбасы өнегесі – Отан өнегесі” атты тағылымды іс-шара өтті.

Іс-шараны аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева ашып, жиналған көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, отбасының қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.

Кеш барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманазар Көдеков пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынғали Аманов, аудандық полиция бөлімінің өкілі Құндыз Таубазаровалар сөз сөйлеп, бүгінгі отбасы институтының маңызы, татулық пен өзара түсіністіктің қадірі жайлы тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, жастар арасында кездесетін ажырасу мәселесіне тоқталып, оның алдын алу жолдары жөнінде тұщымды пікірлер айтты.

Шараға үлгілі отбасылар ретінде арнайы шақырылған Мұқашевтар мен Нұралылар әулеттері өз шаңырақтарының ұйытқысы бола білген тәжірибелерімен бөлісіп, ұл-қыз тәрбиесінде маңыз беретін құндылықтар туралы ой қозғады.

Іс-шара соңында аудан әкімі Ермек Карентаевтың атынан бұл өнегелі отбасыларға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.

Кеш көркін аудандық мәдениет үйінің қызметкері Медет Әлиакбаровтың аналар құрметіне арналған әсерлі әні аша түсті.

«Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қыз» демекші, әр қазақ отбасының шаңырағы берік, керегесі кең болсын. Ел аман, жұрт тыныш болғай! Ұлттың ұстанымы – ұрпақ тәрбиесі екені естен шықпасын.

Алуа ҮМБЕТҚҰЛОВА

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына 30 жыл

Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының «Судьялар Одағының съезі»  1996 жылдан...

Апостиль – құжаттарды халықаралық деңгейде танудың кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде адамдардың шетелде оқу, жұмыс істеу, некеге...

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірегейлік нышаны

Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өзіндік ерекшелігін, егемендігін және ұлттық болмысын...

Сот кабинеті – құқыққа қолжетімдіктің заманауи тетігі

Қазіргі цифрлық даму кезеңінде мемлекеттік қызметтердің барынша қолжетімді әрі...