ТЖМ өрт қаупі жоғары кезеңнің басталуына байланысты азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

 ҚР ТЖМ өрт қаупі жоғары кезеңнің басталуына байланысты азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев қазақстандықтарға осындай үндеу жасады.

Спикер қазіргі кездегі құрғақ ауа райын мен температураның жоғары болуы ормандарда, далада, саяжайларда және елді мекендер маңында өрт қаупін айтарлықтай арттыратынын атап өтті.

«Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет. Ең алдымен, әрбір азаматымыз табиғат аясында және тұрғын үйлердің жанына жақын жерде от жақпасын, құрғақ шөптерді, қоқысты және тұрмыстық қалдықтарды өртемесін. Шала сөндірілген темекіні немесе сіріңкені тастамаңыз. Түтінді немесе отты байқаған жағдайда бірден “101” немесе “102” нөміріне хабарласыңыз. Осындай бірлескен жұмыстардың нәтижесінде біз үлкен қиындықтардан, қайғылы оқиғалардан өз азаматтарымыздың өмірін сақтап, жерімізді аман алып қаламыз. Сондықтан әрбір қазақстандық өз отбасын, үйін және айналасындағы қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін қырағы болғаны қажет. Біз сіздерге осындай өтініш айтамыз»,

 — деп атап өтті Кеген Тұрсынбаев.

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Орталық Азия экономикасының жалпы көлемі жарты триллион доллардан асты....

«Каждая минута важна: как в Алматинской области оказывают медицинскую помощь матерям и детям в сложных случаях?»

Осложнения на последних сроках беременности, преждевременные роды или состояние,...

Более полувека служения судебной системе

В Алматы по инициативе председателя Алматинского городского суда Армана...

Поворот исполнения решения суда

Поворот исполнения судебного решения – это процессуальный механизм восстановления...