Балалар колониясында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің  №11 мекемесінде,   жазасын өтеуші жасөспрімдер арасында және Алматы қаласының колледж студенттермен бірлесе отырып, шағын футболдан спорттық іс шара өтті. Шағын футболға Алматы технология және Флористика колледжінің «АКТИФ» командасы, Алматы сән және дизайн колледжі «Акмис» командасы, Логистика және көлік академиясының Алматы колледжінің «АLT» командасы және мекеме қызметкерлерінің құралған команда, жазасын өтеуші жасөспірімдердің «Жастар» командасы барлығы 5-команда қатысты. Жарыс тартысты қызықты өтті.  Есеп 2:0 «АLT» командасы басым түсіп 1-орын алса, №11 мекеменің «Жастар» командасы 2-орынға ие болды. Қатысқан басқа командалар қалған орындармен бөлісті. Осы іс-шараның жақсы өтуіне байланысты, қатысқан командаларға тәрбие бөлімінің қызметкерлері алғыс хаттар, табыс етті. Мекеме бастығы әділет полковнигі Сулейменов Алмат Битимбекович  колледж студенттеріне, келген қонақтарға  алғысын білдіріп, осындай іс-шаралардың жиі өтуі, жазасын өтеуші жасөспірімдерге жақсы жағынан әсер ететіні, өздерінің қатарынан қалмай қоғамда өз орындарын табуға, тәрбиелік мәні бар іс шаралардың оң әсері бар екенін айтып, болашақта да жалғасын табатынын атап өтті. Аталмыш іс шараның ұйымдастырудың басты мақсаты-футбол  әлемдегі ең танымал топтық ойындар болғандықтан жастар арасында өткізілуі, футбол ойында жастрды ұйымшылдыққа үйрете отырып, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

                                                     №11 мекеме  Еркегүл Жеңісхан

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...