12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖЕДЕЛХАТТАР ЛЕГІ АҒЫЛУДА

Бірқатар елдердің басшылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады. Мәселен, АҚШ Президенті Дональд Трамп жеделхатында Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын ынтымақ пен жаңару мерекесімен құттықтады.

– Біздің мемлекеттерімізді ұзақ жылдардан бері қалыптасқан өзара тиімді ықпалдастық байланыстырады. Алдағы уақытта қауіпсіздік, экономика және басқа да салаларда жаңа жетістіктерге жететінімізге сенімдімін. Біздің жасампаз елдеріміз табысты жолға қадам басқан кезеңде, Америка халқы Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын әрдайым қолдайды, – деп жазыпты АҚШ басшысы.

Ресей Президенті Владимир Путин өзінің жеделхатында:– Ресей-Қазақстан қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында табысты дамып келеді. Достас халықтарымыздың игілігі жолында, Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында өзара тиімді байланыстарды одан әрі арттыру үшін ортақ күш біріктіретінімізге сенімдімін, – деп жазса, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин: – Екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға баса мән беремін. Сізбен берік достығымды мақтан тұтамын. Қытай мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі достықты нығайтып, екі елдің мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін тереңдету үшін күш-жігерімізді біріктіруге дайынмын, – деген лебізін жолдапты.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған: – Наурыз – дүние жүзіндегі бейбітшілік ке деген үмітті нығайтып, халықаралық диалог пен ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Елдеріміз арасындағы берік достық пен бауырластық байланысы қарқынды дамып, екіжақты ықпалдастығымыз кеңейе беретініне сенімдімін, – деген жеделхатын жолдапты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Палестина Президенті Махмұд Аббас, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев және бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері мен басқа да ресми тұлғалар құттықтаған.

С.АСҚАР, «Заң газеті»

От «tiktok» до альцгеймера: правда и вымыслы о клиповом мышлении 

ПОДРОСТОК, ДА И НЕ ТОЛЬКО, В ТЕЛЕФОНЕ ПРОВОДИТ ПОЛЖИЗНИ:...

Вместе за безопасность

Безопасность – это не просто отсутствие преступности, это состояние...

Отвод судьи в уголовном процессе

Одним из обязательных условий надлежащего осуществления правосудия является объективность...

Мұғалімдер күні – түлек пен ұстаздың кездесуі

Кәсіби мереке – Мұғалімдер күніне орай №20 мекеменің жеке...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара: адал қоғамға қадам

Қазіргі жаһандану дәуірінде сыбайлас жемқорлық әлем елдерінің барлығына тән...