КЕЛЕШЕГІМІЗ КЕМЕЛ БОЛСЫН ДЕСЕК

Мемлекеттің басты байлығы – адам. Яғни, біздің еліміз үшін адам құқығы мен бостандығы негізгі құндылық. Бұл құндылықтар көздің қарашығындай қорғалса, халық пен биліктің арасы тығыз болмақ. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдары және құқық қорғау құрылымдары алдын алу шараларына баса мән беруі керектігін үнемі айтып келеді.

Осы орайда «адам құқығы дегеніміз не?» деген сауалға тоқтала кеткен жөн. Адам құқығы – адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын демократиялық құндылық. Адамның құқығы мен бостандығы табиғи және ажырамас егіз ұғым. Мемлекеттің міндеті – адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды қамтамасыз етуге міндетті. Бүгінде еліміздің әрбір азаматы емін-еркін білім алып, еңбек етіп, ой-пікірін ашық жеткізіп, арман-мақсатын жүзеге асырып келеді. Яғни, Қазақстанда адам құқығына тән белгілердің барлығы қорғалады. Елімізде адам өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы әр кез сақталады. Мұны ел Президентінің: – Азаматтарымыздың құқығын қорғау саласында кешенді шараларды қолға алдық. Негізгі мақсат – әділетті қоғам құру және соныңарқасында дамудың сара жолына түскен озық ел болу. Сондықтан біз осы бағыттағы маңызды реформаларды жалғастырамыз, жүйелі жұмысты тоқтатпаймыз, – деген сөзінен аңғаруға болады. Дегенмен назар аударатын мәселе де бар. Ақпараттық ресурстардан алшақ жатқан шалғай елді мекендерде адам құқығының бұзылу ықтималдығы жоғары екені анық. Сол үшін де құқық қорғау саласының мамандары ауыл мен қала тұрғындарының мүмкіндігі арасындағы алшақтықты қысқартуға күш салуы тиіс. Сонда ғана Әділетті Қазақстанның жолы айқын, келешегі кемел болмақ. Бүгінде ел билігі ашық әрі әділ саясат жүргізіп отыр. Бұл халықтың сенімді, батыл, ынталы еңбек етуіне жағдай жасайды. Әрі-беріден кейін қазақ елі ұрпағын адал жолмен жүр, біреудің ақысын жеме, ала жіпті аттама деп тәрбиелейтін дана ел. Адамға тән құндылықтарды қастерлейтін елде адам құқығының қорғалуы заңды.

Ерлан БИБАТШАЕВ, Жарма аудандық сотының судьясы АБАЙ ОБЛЫСЫ

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...