12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЖАСТАРЫ ЖАСАМПАЗ ҰЛТТЫҢ ҰПАЙЫ ТҮГЕЛ

Еліміз Тәуелсіздік алып, тұғырға ту тіккелі біршама белесті бағындырды. Бүгінде Қазақстан кез келген мемлекет санасатын, дамудың даңғыл жолына түскен ел. Мұның барлығы біртұтастықтың арқасы деуге болады. 

Мықты мемлекеттің өзегі – экономика, тірегі – тіл мен руханият болса, тағаны – заң мен тәртіп. Таған берік болса, елдің іргесі де берік. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет екенін баса айтып келеді. Мемлекет басшысы өз сөзінде: – Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Кез келген қоғамның, соның ішінде біздің қоғамның да басты ұғымдарға негізделген сұраныстары – әділдік және қауіпсіздік. Осы негізгі сұраныстардың толығымен өтелуі мемлекеттің тиімді жұмыс істейтінін айқын көрсетеді, – деді. Шынымен де, заң – қоғамның біртұтастығының кепілі. Ол жалпыға бірдей, қатаң әрі жүйелі. Алайда халық «қатаң» деген сөзден тіксінбеуі тиіс. Елдік мүдде үшін еңбек етіп, адал жолмен асқақ мұратқа ұмтылған адам үшін заң таптырмас дос. Өйткені заң тек шектеу емес, ол азаматтардың қорғаны, құқықтың қалқаны. Сондықтан да заң солқылдақ болмайды, заң үстемдігі әрбір адамнан бастап, тұтас мемлекеттің жетістігіне жол ашады. Ал тәртіп ең бірінші адамның ішкі мәдениетінен басталса керек. Халқымызда «Тәртіпке бас иген құл болмайды – тәртіпсіз ел болмайды» деген Бауыржан Момышұлының сөзі бар. Яғни, тәртіп сақтау бағынышты болу деген сөз емес, ол өз шекараңды айқындап, өзіңе де, өзгеге де кедергі келтірмеу. Ал кедергісіз қоғам – кемел келешектің кепілі. Президент тағы бір сөзінде «Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру», деді. Осы бір мақсатқа елін, жерін сүйетін, отаншыл, мемлекетшіл әрбір азамат жұмылуға тиіс. Қауіпсіз қоғам өскелең ұрпақтың, өз бала-шағамыздың өмір сүретін ортасы. Адам өз баласына жамандық ойламас болар. «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек» дегендей, әрбір игі шаруаның жүзеге асуы тәртіпке келіп тіреледі.

Архат ЖАҒЫПАР, Жарма аудандық сотының судьясы АБАЙ ОБЛЫСЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара: адал қоғамға қадам

Қазіргі жаһандану дәуірінде сыбайлас жемқорлық әлем елдерінің барлығына тән...

Банктік шотыңызға, төлем құралыңызға не сәйкестендіру құралыңызға сақ болыңыз

Осы күнде алаяқтықтың көбеюі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр....

Образ мастера глазами ученика

2 октября – День работников системы технического и профессионального,...

Білім мен тәрбиеге арналған ғұмыр

Ұстаздар күні мен қарттар күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

Мемлекеттік корпорация құжаттарды жеткізу қызметін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарында...