12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Өз құқығыңды біл!»

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының үкіметтік емес ұйымдар арасындағы грантын алғандардың бірі – «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі. Ол 2023–2024 жылдары жүзеге асырған «Өз құқығыңды біл!» деп аталатын әлеуметтік жобасы үшін 24 млн 450 мың теңгенің грантын жеңіп алған болатын.

Бірлестік жетекшісі Рысқали Олжабайұлының айтуынша, жобаның бірінші міндеті қиын құқықтық жағдайдағы азаматтарды табу болды. Сол себепті Абай, Ақмола, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының орталықтан шалғай орналасқан 72 ауылына көшпелі заң көмегі керуені ұйымдастырылды. Онда азаматтарға 5 заңгер кеңес берді. Өткізілген іс-шаралар бойынша қатысушылар саны 1360 адамды құрады. «Жобаның екінші міндеті құқықтық сауатты азаматтарды көбейту және жергілікті қоғамдастықтар деңгейінде азаматтардың, оның ішінде өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтардың құқықтарын сапалы іске асыру үшін табысты модельдер құру болды. Ақтөбе, Семей, Тараз және Астана қалаларында 2 реттен «Өз құқығыңды біл!» деген семинарлар өткізілді. Олар еңбек даулары, салықтық өзгерістер, отбасылық зорлық-зомбылық, мүліктік қатынастар және басқа да тақырыптар бойынша түсіндірме берді. Бұл шараларға 631 адам қатысты. Семинарда халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мың дана нұсқаулық әзірленіп, таратылды»,– дейді Р.Олжабайұлы. «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы жетекшісінің сөзіне қарағанда 2 міндет бойынша қиын өмірлік жағдайлардағы халықтың осал топтары бар мамандардың алгоритімі әзірленді. Алгоритм қазақ және орыс тілінде жазылды. Арнайы заң білімі бар мамандармен және құқық қорғау бағыты бойынша жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен тұратын жұмыс тобы Тараз қаласында 3 кездесу өткізді. Қиын өмірлік жағдайлардағы халықтың осал топтары бар мамандардың алгоритімін 40 маман сынақтан өткізіп, оң бағасын берді. Сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы азаматтармен жұмыс істейтін Ақтөбе қаласының «Жанұя» қолдау орталығымен меморандум жасалды. Сонымен қатар құқықтық сауатты азаматтардың құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарамауын, төзбеушілігін насихаттаудағы үшінші міндет бойынша «Өз құқығымды қорғаймын» атты байқау ұйымдастырылды. Оған Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Ақмола облыстары мен Астана қаласынан 47 адам қатысты. 7 адамнан тұратын қазылар алқасының шешімімен Дулат Тұрсыналы – бас жүлде (1 млн тг.) Ақжан Алспысбай – бірінші (500 мың тг), Севара Абдыхалыкова екінші (300 мың теңге), Бекарыс Бекболат үшінші (200 мың теңге) орынмен марапатталды.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара: адал қоғамға қадам

Қазіргі жаһандану дәуірінде сыбайлас жемқорлық әлем елдерінің барлығына тән...

Банктік шотыңызға, төлем құралыңызға не сәйкестендіру құралыңызға сақ болыңыз

Осы күнде алаяқтықтың көбеюі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр....

Образ мастера глазами ученика

2 октября – День работников системы технического и профессионального,...

Білім мен тәрбиеге арналған ғұмыр

Ұстаздар күні мен қарттар күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

Мемлекеттік корпорация құжаттарды жеткізу қызметін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарында...