БҰҰ Газадағы атысты тоқтатуға шақырды

Сейсенбіде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш жүздеген адамның өмірін қиған Израильдің Газадағы әуе шабуылына қатысты мәлімдеме таратты.

Әлемдік қауымдастықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бас хатшы Израйлдің бейбіт тұрғындарды өлтірген әуе шабуылдарына алаңдаушылық білдіріп отыр. Ол атысты тоқтату режимін сақтауға, гуманитарлық көмекті кедергісіз қалпына келтіруге және қалған кепілге алынғандарды шартсыз босатуға шақырды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрік те Израильдің Газаға жасаған соққыларына қатысты пікір білдірген болатын. Оның сөзіне қарағанда, жаңа шиеленіс «қайғылы жағдайдың шиеленісуіне» әкеледі. Бұл қорқынышты арман дереу аяқталуы керек. Өйткені соңғы 18 айдағы зорлық-зомбылық дағдарыстан шығудың әскери жолы жоқ екенін айқын көрсетті. Кепілге алынғандар дереу және сөзсіз босатылуы тиіс. Ережесіз ұсталғандардың барлығы дереу және сөзсіз босатылуы керек. Ол сондай-ақ ықпалы бар барлық тараптарды бейбітшілікке қолжеткізу және бейбіт тұрғындар арасындағы қайғы-қасіреттің алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырды.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...