Салауатты қоғам негізі

Қазіргі қоғамда денсаулықты сақтау мен халықтың әл-ауқатын жақсарту маңызды мәселелердің бірі. Бұл тұрғыда дене шынықтырумен спорттың маңызы ерекше. Дене шынықтыру – адамның физикалық және психикалық саулығын нығайтатын, рухани және әлеуметтік дамуына ықпал ететін маңызды сала.

Дене шынықтыру жаттықтырушысы әрі тәжірибелі маман Қуандық Нұрғалымның пікірінше: «Дене шынықтыру мен спорт тек чемпиондарды тәрбиелеу үшін ғана емес, ең алдымен халықтың жалпы денсаулығын жақсарту үшін қажет. Жаттығулармен тұрақты айналысатын адам өзін сергек сезінеді, ал бұл еңбек өнімділігі мен күнделікті өмір сапасын арттырады». Спорттың психологиялық тұрғыдан да пайдасы зор. Қозғалысқа толы өмір салты адамның миының жұмысын жақсартып, күйзелісті жеңуге көмектеседі. Сондықтан дене шынықтыруды бала кезден бастап әдетке айналдыру – қоғамның салауатты дамуына ықпал ететін маңызды қадам. Кәсіби спорт тек физикалық белсенділікпен шектелмейді. Бұл – адамнан үлкен жігер мен тәртіпті талап ететін ерекше сала. Кәсіби спортшылар үлкен жетістікке жету үшін өз өмірін толықтай спортқа арнайды. Мұндай тәртіп олардың жетістікке жетуін қамтамасыз етеді, алайда шамадан тыс жүктемелер денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Кәсіби спортшылардың жетістігі көбіне олардың жаттықтырушылары мен қолдау көрсететін жүйеге байланысты. Қазақстанда спортшыларды қолдау мақсатында бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Әсіресе, олимпиада және әлем чемпиондарына ерекше көңіл бөлініп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін түрлі бастамалар қолға алынуда. Қуандық Нұрғалым бұл мәселеге де тоқталды. Оның айтуынша, «көптеген елдерде Олимпиада және әлем чемпиондарын өмір бойы қаржылай қолдау жүйесі бар. Бұл олардың спортқа қосқан үлесін мойындаудың бір жолы. Егер Қазақстанда да осындай жүйе енгізілсе, бұл спортшылардың болашақ өміріне үлкен көмек болар еді». Оның пікірінше, тәжірибелі спортшыларды жаттықтырушылық қызметке тарту маңызды. Егер олар өз білімдері мен тәжірибелерін жаңа буын спортшыларына үйретсе, елде әлемдік деңгейдегі чемпиондар көбейер еді. Жас спортшы, бокстан республикалық жарыстардың жүлдегері Жұлдызай Ерісқызы бұл туралы былай дейді: «Мен бала кезден спортпен айналыстым. Спорт маған тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастырды. Жаттығу барысында көптеген қиындықтарға тап болдым, бірақ жаттықтырушыларымның қолдауы мен жігерімнің арқасында жеңістерге жеттім». Оның айтуынша, спорт тек физикалық жетістік емес, адамның рухани дамуына да ықпал етеді. Жас спортшыларды қолдау үшін елімізде жаңа спорт кешендерін ашып, ауыл-аймақтарда спортқа қолжетімділікті арттыру маңызды.

Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»

Алименты – законное право ребенка

Вопрос о взыскании алиментов (алиментных отношений членов семьи (алиментных...

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құрамаларды спорт...

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...