Қауіп қайдан демеңіз…

Төтенше жағдай қызметі айтылмай келетін апаттардың алдын алуға қауқарлы ма? Бұл сұрақ көптеген тұрғындарды мазалайтыны анық. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметінің қызметкері, азаматтық қорғау майоры Ерлан Тойшибековтің айтуынша, салада оң өзгеріс өте көп.

– Біздің департаменттің басты міндеті – төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою. Бұл бағытта бірнеше негізгі жұмыс атқарылады. Біріншіден, халық арасында төтенше жағдайдан қорғану бойынша түсіндіру шараларын белсенді жүргіземіз. Яғни, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі, су тасқыны кезінде әрекет ету, газ құрылғыларын дұрыс пайдалану секілді маңызды ережелер үйретіледі. Екіншіден, төтенше жағдай орын алған кезде шұғыл құтқару жұмысын атқарамыз. Мұндай жағдайда әр минуттың маңызы зор болғандықтан, біздің қызметкерлердің барлығы арнайы дайындықтан өткен, тәжірибелі, кәсіби мамандар. Үшіншіден, төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша да жұмыс жүргіземіз. Бұл – зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру, тұрғындарға медициналық және психологиялық көмек көрсету секілді шараларды қамтиды, – деді Ерлан Нұрланұлы. Қазақстанның географиялық ерекшеліктерін ескерсек, елімізде су тасқыны, өрт, қар көшкіні, жер сілкінісі және өндірістік апаттар жиі кездеседі. Мәселен, көктем мезгілінде қардың күрт еруі өзендердің арнасынан асып, су тасқынын тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, жаз мезгілінде құрғақшылық салдарынан дала және орман өрті жиі орын алады. Қала ішінде болса, тұрмыстық өрттер көп тіркеледі. Оның негізгі себебі – тұрғындардың өрт қауіпсіздік ережелерін елемеуі немесе электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбауы. Ал өндірістік апаттар көбіне ірі зауыттар мен кәсіпорындар орналасқан аймақтарда орын алады. Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу үшін сақтық шараларын күшейту өте маңызды. Қазіргі кезде тұрғындар су тасқынының қайталануынан қауіптенеді. Қардың күрт еруі кезінде су тасқыны орын алуы мүмкін. Әсіресе, өзен жағасында орналасқан немесе ойлы жерлердегі үйлерге су кіру қаупі жоғары. Мұндай жағдайда тұрғындар үйдің жертөлесін судан қорғау үшін құм толтырылған қаптармен қоршау қажет, аулада тұрған заттарды қауіпсіз орынға шығарып қою керек, ең бастысы – құнды заттар мен құжаттарды жоғары қабатқа орналастырған дұрыс. Сонымен қатар, су тасқыны қаупі туралы ескерту жасалған жағдайда, тұрғындар құтқарушылардың нұсқауларын бұлжытпай орындауы қажет. Ерлан Тойшибеков сақтық шараларын сақтаған жағдайда төтенше жағдайға төтеп беруге болатынына сендіріп отыр.

Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...