Жамбыл облысында халыққа 392 денсаулық сақтау нысаны медициналық қызмет көрсетеді. Ондағы 15 237 адамның 3 355-і дәрігер, 11 882-сі орта буын қызметкерлері. Өңірдегі мемлекеттік ұйымдардағы дәрігерлер тапшылығы 2024 жылдың қорытындысымен 70 бірлік (22 қала, 48 ауыл). Кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жергілікті бюджеттен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін гранттар бөлінеді. Жергілікті атқарушы органның грантымен жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін жалпы медицина мамандығы бойынша 51 білімгер, резидентурада 84 дәрігер оқиды.
«Жамбыл облысында былтыр медициналық тексерумен 132 383 адам қамтылды. Онда 44 248 диагностикалық зерттеулер, 9 257 зертханалық тексеру, 159 408 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді. Тұрғындарды қарау барысында 7 064 науқас анықталып, 3 249 адам МСАК ұйымына есепке алынды. Скринингтік тексерулерде жүрек-қан тамыр аурулары бойынша – 88 066 адам тексеруден өткізіліп, 7 404-нен ауру анықталды. Қант диабетінен 88 066 адам тексеруден өткізіліп, 1 081-нен ауру анықталды. Глаукома бойынша 88 066 адам тексеруден өткізіліп, 173-нен ауру анықталды. Сүт безі обырын ерте анықтау бойынша 51 420 әйел маммографиядан өткізіліп, 10 309-нен ауру анықталды. Жатыр мойны обырын ерте анықтауда 47 541 әйел цитологиялық зерттеуден өтіп, 2 297-нен ауру анықталды. Коло-ректалды рактан (КРР) 58 796 адам тексеріліп, 449нен ауру анықталды», – дейді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев. Ерік Тілләбекұлының сөзіне қарағанда, инфрақұрылым бойынша 2024 жылы 7,4 млрд теңгеге 24 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 20 медициналық-санитарлық нысан (4-ДА, 10-ФАП, 6-МП) «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасымен жүргізілді. Жоспар бойынша биыл: МСАК ұйымдарында өз бетінше мейіргерлік қабылдауды енгізу; пациенттерді қашықтан қабылдау кабинеттерін енгізу; МСАК-тағы педиатриялық учаскелерді кезең-кезеңімен қысқарту; МСАК мамандары үшін біліктілікті арттыру бағдарламасы арқылы амбулаториялық деңгейде (кардиология, нефрология, эндокринология, гастроэнтерология, офтальмология, оториноларингология, хирургия) пациенттерді қадағалау бойынша оқыту жүргізу; МСАК жұмыскерлерін құқықтық сауаттылық, тиімді коммуникациялар, этика және деонтология мәселелері бойынша оқытуды қамтамасыз ету; МСАК барлық медициналық ұйымдарында пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің жұмысымен қамтамасыз ету; 2024–2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының клиникалық фармакология қызметін жетілдіру жөніндегі жол картасына сәйкес, барлық стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда госпитальдық фармация бөлімдерін ашу; жергілікті бюджет қаражаты есебінен шетелдегі медициналық ұйымдарда 6 медицина қызметкерлерін оқуға жіберу, шетелдік мамандарды тарта отырып 4 мастер класс ұйымдастыру; 1 486,7 млн теңге 6 нысанды күрделі жөндеуден өткізу; 2024 жылдан өтпелі 4 нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау 2 812,9 млн теңгеге арнаулы қордан қаржыландыру қарастырылып отыр. Егер былтырғы атқарылған жұмыстарға көз жүгіртсек: денсаулық сақтау саласының «Ақылмандар кеңесінің» құрамы бекітіліп, саладағы өзекті мәселелер шешімін табуда. Басқарманың ресми интернет ресурстарында, сонымен қатар жергілікті және республикалық БАҚ арқылы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік желіге тіркелушілер саны – (20,2 мың) адам болса, жарияланған ақпарат саны – 13 000. Тұрғындарға шұғыл, жоғары технологиялық медициналық көмекті алтын сағат қағидасын жоғалтпай көмек көрсету мақсатында 3 аудандағы (Меркі, Талас және Шу) аудандық орталық ауруханалары, көпбейінді аудандық орталық ауруханалары болып жаңғыртылды. Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының базасында стационарлық деңгейдегі ревматологиялық орталық ашылды. Ұрықтың туа біткен даму ақауларын ерте диагностикалау және алдын алу, сәбилер өлімін азайту, мүгедектіктің алдын алу мақсатында 2024 жылдың қыркүйек айында облыстық перинаталдық орталықтың базасында «Клиника Одного дня» пилоттық жобасы жүзеге асырылды.
Е.ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»


