12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нәзік жанды майор

Еліміздің дамуына ер азаматтармен қатар үлес қосып, қиын қызметті атқарып жүрген нәзік жандылар өте көп.
Соның бірі – Насырова Самал Есетқызы Қызылорда қаласы ҚАЖД №60 түзеу мекемесінде сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие беру жұмысы бөлімінде қызмет атқарады. Ол бала күнінен-ақ нысанды киім киген жандарға қызығушылық танытып, бала көңілінде құқық қорғау саласында қызмет етемін деген арманы болады. Сол арманы мамандық таңдаудан жаңылыстырмай, Самал 2010 жылы өз қалауымен Қарағанды Экономикалық Университетінде «Заңгер» мамандығы бойынша білім алады. Оқып бітірген соң мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, құқық қорғау саласына инспектрлық қызметке орналасып, осы саланың ыстық-суығына төзіп, қәзіргі таңда сотталғандарды бостандыққа шығару, сонымен қатар тәрбиелеу, еңбекке тарту жұмыстары бойынша алдына жан салмай, өз міндетін жауапкершілікпен атқарып жүр.
Бұл салада әйел адамдарға жүктелетін жауапкершілік өте көп. Біз ер азаматтармен тең дәрежеде жұмыс атқарамыз. Біздің салада ер немесе әйел деп бөлінбейді. Бәріміз бірдей жұмысымызды істейміз. Барлығымыздың мақсатымыз бір – сотталғандарды тәрбиелеу, еңбекке баулу, психологиялық көмек беру. Мен үшін елге қызмет ету-абырой. Өз ісімнің үздігі болып, адал еңбек етуді мақсат тұтамын– дейді Самал Есетқызы.
Самал Есетқызының жауапкершілігі мол жұмыстағы табандылығы мен кәсіби шеберлігі оны әріптестері арасында да сыйлы етті. Ол өз ісіне тиянақты, міндетіне адал.Қызмет барысында уақытпен санаспай, аянбай еңбек етіп жүрген әділет майоры 10 жылдан астам уақыт ішінде ҚР Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ облыстық ішкі істер департаментінің Алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған. Аталған марапаттардың бәрі қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, басшылық тарапынан жүктелген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындай білетіндігінің дәлелі.

№60 мекеме
Ақалтын Байжанқызы

От «tiktok» до альцгеймера: правда и вымыслы о клиповом мышлении 

ПОДРОСТОК, ДА И НЕ ТОЛЬКО, В ТЕЛЕФОНЕ ПРОВОДИТ ПОЛЖИЗНИ:...

Вместе за безопасность

Безопасность – это не просто отсутствие преступности, это состояние...

Отвод судьи в уголовном процессе

Одним из обязательных условий надлежащего осуществления правосудия является объективность...

Мұғалімдер күні – түлек пен ұстаздың кездесуі

Кәсіби мереке – Мұғалімдер күніне орай №20 мекеменің жеке...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шара: адал қоғамға қадам

Қазіргі жаһандану дәуірінде сыбайлас жемқорлық әлем елдерінің барлығына тән...