Өрттен көз жұмғандар азаймай тұр

Қазақстан өрттен көз жұмғандар үлесі бойынша 74 елдің ішінде алғашқы ондыққа кіреді. Бұл Алматыда өткен ХІІІ «Қауіпсіздік, өрттен қорғау, ақпараттық технологиялар және дрондар» – Securex Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған І DronEx конференциясы кезінде айтылды.

«2018–2022 жылдардағы ұлттық статиститка органының есебі бойынша әзірленген Өрт статистикасы орталығының мәліметіне сай 100 мың тұрғынға шаққанда өрттен көз жұматындар саны әлемде 0,7 адамды құрайды. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 1,86 адам болып отыр. Яғни, елімізде апаттың бұл түрінен қайтыс болатын адамдар үлесіндегі айырмашылық әлемдегі орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары. Мұндағы ең жоғары көрсеткіш: Беларусь (6,3), Ресей (5,6), Украина (4,4), Молдова (3,4), Эстонияда (3,2) тіркелген», – деді «Бірыңғай стандарт» өрттен қорғау ұлттық бірлестігінің» бас директоры Рамазан Арынғазыұлы. Өрт статистикасы орталығының рейтингіндегі көрсеткішімізде соңғы 2 жылда айтарлықтай үлкен өзгеріс болмағанын ескерсек, бұл мәселе Қазақстан үшін әлі де өзекті. Онда олар: өртке қарсы қорғаудағы жаңа стандарттар мен технологиялар; қазіргі заманғы технологиялардың құтқару қызметінің жеделдігіне әсері; өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған материалдық-техникалық базаны жақсарту; өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аумақтарды бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану; инновациялық ҰҰА мемлекеттік құрылымдардың барлық саласына арналған әмбебап шешімдер жайын қозғады. «Бірыңғай стандарт» өрттен қорғау ұлттық бірлестігі басшысының сөзіне қарағанда, өрттің негізгі 3 кезеңі бар. Ол – өрттің шығуы, өртті анықтау және хабарлау, өрт сөндіру. Бүгінгі күні адамзат өртті анықтау, ескерту және сөндірудің тамаша жүйесіне ие болу арқылы мәселені шешті. Шешілмеген мәселе – өрттің бастапқы кезеңінде оның алдын алу болып отыр. Ал оның шешімі – автономды өрт сөндіру құрылғысы (UPA). Бұл өртті ерте кезеңде болдырмауға арналған қауіпсіздік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Құрылғы басқа өрт сөндіру жүйелеріне, электрмен жабдықтауға және ауа райы жағдайларына тәуелсіз жұмыс істейді, объектілердің жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. UPA өрт қаупін жояды және қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...