12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда еріктілер кеңесі мүшелері «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясына қатысты

2025 жылы 23 наурызда «Таза Қазақстан» және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» аясында Тазару күніне орай «Almaty Clean&Green» жалпықалалық акциясы өттті.

Алматы қаласында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тазалықты сақтау мақсатында ауқымды сенбілік өтті. 

Бұл шараға Алматы қаласының тұрғындарымен қоса, Алматы қаласы мемлекеттік қызметшілері қатарынан құрылған еріктілер кеңесі мүшелері қатысты. 

Сенбілік барысында қатысушылар саябақтар мен көшелерді қоқыстан тазартты, ағаштар отырғызды және жасыл аймақтарды абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара қала экологиясын жақсартуға және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға баулуға бағытталған.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз. Оны таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті. Осындай шаралар қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосады,» – деді сенбілікті ұйымдастырушылардың бірі.

Қатысушылар сенбілік барысында тек жұмыс істеп қана қоймай, жаңа таныстық орнатып, жақсы көңіл-күйде уақыт өткізді. Болашақта мұндай шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылатыны айтылды.

Алматылықтар өз қалаларын таза әрі жайлы етуге атсалысуға әрдайым дайын екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Авторы: Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінң Алматы қаласы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Н. Узбеханов

Руслан Желдибай: «По поручению Главы государства переезд детей отменен»

Ознакомившись с ситуацией, возникшей вокруг намеченного переезда воспитанников детского...

Руслан Желдібай: «Балалар үйі көшірілмейді»

Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты...

Защита прав граждан – одно из приоритетных направлений

На Департамент Агентства РК по делам государственной службы по...

Алаяқтардан абай болыңыздар

Ел Президенті бұдан 2022 жылы 21 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі...