Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің жолы кесілді.

Мекеме қызметкерлері полиция қызметкерлерімен және 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, мекеме аумағына заттарды заңсыз өткізуге әрекеттенген екі адамды ұстады.

Тексеру барысында пакеттің ішінен өсімдік тектес зат пен ұялы телефон табылды. Аталған заттың нақты сипаты сараптама нәтижесінде анықталады.

Оқиға орнына Алатау қаласының жедел-тергеу тобы шақырылды.

Алынған заттар одан әрі тексеру үшін тапсырылды. Оқиға бойынша тексеру жүргізілуде.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемелер аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...

Цифрландыру жағдайындағы сот архиві

Қазіргі қоғам дамуының негізгі үрдістерінің бірі – қарқынды дамып келе жатқан цифрландыру үдерісі. Осыған байланысты соттарда электрондық сот ісін жүргізу енгізіліп, құжаттарды сақтау, есепке алу және пайдалану үдерістерін жетілдіру мақсатында электрондық архив...