Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға тиіспіз» деген болатын. Осы бастама аясында «Кітап оқитын ұлт» жобасының «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» тарауын қолдау, кітапхана қоры және жұмысымен танысу мақсатында N74 мекеме қызметкерлері Орал қалалық Кітапханалар жүйесі N6 филиалында арнайы болды.
ЖАҢА КЕЛБЕТ, ЖАҢА МҮМКІНДІК
Бүгінгі кітапхана – кітап қоймасы ғана емес, мәдени-ағартушылық орталық. Мұнда «Кітап оқитын ұлт» бұрышы жасақталған. Кітапхана қоры жаңа басылымдармен толыққан. Оның ішінде балалар әдебиеті, тарихи-танымдық кітаптар, заманауи қазақ прозасы бар.
Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, жоба іске қосылғалы оқырмандар саны да артқан. Қуантатыны оқырмандар санының көп пайызы – жастар. «Бұрын кітапты тек сатып алатын болсақ, қазір кітапханада тегін, тыныш, интернет бар. N74 мекеме қызметкерлері өздеріне рухани азық алып, қызметтен бос уақытта «Кітап оқитын ұлт» челленджіне қатысуға қызығушылығы оянғанын айтты.

ЖОБАНЫҢ МАҢЫЗЫ
Кітапханада тек кітап оқылмайды:
- «QR-кітап» арқылы телефонмен кітап тыңдауға болады;
- мектеп оқушыларына арналған тегін үйірмелер жұмыс істейді.
«Кітап – ұлт болашағына берер азығы мол рухани қазына. Кітапханаға барған әрбір қызметкер болсын қарапайым адам болсын – ұлтқа жанашыр, ел дамуына үлес қосқан адам», – дейді кітапханашы Баян Избасаровна Жолтаева.
Түйін: «Кітап оқитын ұлт» жобасы қағаздағы есеп болып қалмай, көзбен көрерлік нәтиже берсе ол кітапханашылардың орасан зор еңбегінің жемісі. Әр отбасы, әр қызметші кітапханаға барып тұрса, бұл ұлт дамуына өз үлесін қосары сөзсіз.
Рухани байлыққа жол – кітапханадан басталады.
С.Джумагазиев, БҚО бойынша ҚАЖД N74 мекемесі Кезекші қызметі ТИБКК орынбасары әділет капитаны


