Көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды

2025 жылғы наурыз айының 11-14 аралығында «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Тараз станциясы теміржол вокзалына аялдаған №85 «Астана-Шымкент» және №55 «Көкшетау-Қызылорда»  жолаушы пойыздарын тексеру жүргізу барысында, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қонызаңнамасын бұзған Өзбекстан Республикасының 1992 жылы туылған «Х» есімді азамат және Таджикистан Республикасының 1994 жылы туылған «Ш» есімді ер азаматтары анықталған. Аталған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы 4 бөлігіне сәйкес, яғни шетел азаматтарының заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 (он) тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінгені бойынша әкімшілік хаттама толтырылып,іс-құжаттар Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 2025 жылдың 11 наурыз күні Өзбекстан Республикасының 1992 жылы туылған «Х» есімді азаматшаға сот қаулысымен 5 жылға дейін Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынды. Ал, 13 наурыз күні Таджикистан Республикасының 1994 жылы туылған «Ш» есімді ер азаматқа қатысты Тараз қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...