Тағдыры ұқсас жандар

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында керемет дәрігерлер Әмірқұлова Нұргүл Омарқызы және Мұсаепова Әсем Бақытжанқызы жұмыс істейді. Олар тек әріптестер ғана емес, анасы мен қызы болып табылады. Көктемнің тамаша мерекесі қарсаңында біз осы керемет отбасы туралы әңгіме қозғап, ата-анасының ізімен мамандық таңдағандарға ерекше сезім сыйлауды ұйғардық!
Дәрігер-инфекционист Әсем Бақытжанқызы Мұсаепованың әкесі мен анасы Семей медицина университетінің студенттері болған кезеңдерінде танысқан екен. Екі жастың махаббаты ерекше нәзік әрі таза болыпты. Әскерге аттанып бара жатып, Бақытжан Заманбекұлы сүйіктісінен тек олардың адал сезімдерін кіршіксіз қалпында сақтауды сұрапты. Жігіт өз сөзінде тұрып, үйіне әскерден оралғаннан кейін, 22 жастағы жастар, неке қиыпты. Отбасында алдымен Әсем атты қыз, кейін Айдос атты ұл дүниеге келеді. Нұргүл Омарқызы дәстүрді құрметтейтін жан ретінде, ұлының үлкен баласын тәрбиелегісі келген қайненесінің бауырына қызы Әсемді басты. Сондықтан Әсем Бақытжанқызы әжесінің қолында тәрбиеленген, ал әжесі немересін алақанына салып, еркелетіп өсірді десек артық емес.
Кішкентай қыз туысқандарының қамқорлығында болып, сабағын жақсы оқыды және 4-сыныптан бастап қайтадан ата-анасына оралды. Әке-шешесі тәулік бойы жұмыс істеді және Әсем Бақытжанқызы дәрігер болу оңай еместігін және ата-анасының өмір сүру салтына және олардың тұрмыс-тіршілігіне үйрену қажеттілігін түсінді. Сол уақыттан бастап, Әсем Бақытжанқызы, анасына дәрігер болғысы келетінін айтып, Нұргүл Омарқызы қызының шешімін қуана қолдайтынын және арманын жүзеге асыруға көмектесетінін айтты.
«Неге дәрігер — инфекционист мамандығын таңдадыңыз?»,- деген сұраққа, Әсем Бақытжанқызы: «Инфекциялық науқастар — бұл негізінен жіті жағдайлар — ішек инфекциялары, жіті респираторлық инфекциялар, сондай-ақ гепатобилиарлық жүйенің жіті аурулары, әртүрлі вирустық және бактериялық инфекциялар. Біздің стационарға келіп түсетін созылмалы жұқпалы аурулармен ауыратын науқастар, диспансерлік есепте тұрған пациенттер. Шамамен, 6-сыныптан бастап, осының барлығын зерттей бастадым және кей кезде қауіпті мамандық таңдағанымды түсінетін едім, бірақ бұл мені тоқтатпады. Мен белгіленген мақсатқа жетуім керек еді. Дәрігер — инфекционист болғым келді және жүрегімнің қалауына бей-жай болмағаныма әркез қуанамын. Мен осы мамандықты таңдағаныма өкінбеймін, мені қолдаған ата-анама ризамын».
Нұргүл Омарқызы — неонатолог дәрігері, біз Әсем Бақытжанқызынан немерелері туылғанда анасының қалай көмектескені жайында сұрадық. Қызы Назерка 11 жаста. Ол анасының көмекшісі, сабағын жақсы оқиды және ата-анасы жұмысқа кеткенде інілері Әлихан мен Айданға қамқорлық жасайды екен. Әсем Бақытжанқызының жұбайы Руслан, әйелі және балалары бар отбасы болғандықтан, ата-ананың әрқайсысы бала тәрбиесімен айналысуы тиіс деп санайды, сондықтан ерлі-зайыптылар ұлдары мен қыздарын тәрбиелеуге бірдей жауапкершілікпен қарайды. Дәрігер қандай қасиеттерге ие болуы тиіс деген сұраққа Нұргүл Омарқызы дәрігер клиникалық ойлауды басшылыққа алуы тиіс дейді. Бұл білімі, тәжірибесі және дәрігерлік интуициясы негізінде науқастың ауруын диагностикалау, емдеу және болжауды анықтау мәселелерін кәсіби, шығармашылық тұрғыдан шешу екендігін алға тартады.
Біз Нұргүл Омарқызы мен Әсем Бақытжанқызын көктем мерекелермен құттықтаймыз және жылы сұхбаттары үшін алғыс білдіреміз!

Усть-Каменогорская ТЭЦ получит дополнительные 130 Гкал/ч тепловой и 100 МВт электрической мощности

12 августа 2026г., Усть-Каменогорск. - На Усть-Каменогорской ТЭЦ началось...

Өскемен ЖЭО қосымша 130 Гкал/сағ жылу және 100 МВт электр қуатын алады

12 тамыз 2026 жыл – Өскемен ЖЭО-да жаңа энергоблоктың...

Бір күнде 130 шақырым: Ақсу-Аюлы «Құрылтайға жол» қатысушыларын салтанатты түрде қарсы алды

Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге Құрылтайға бастар жолдың кезекті маңызды...

Сот- мемлекеттік биліктің бір тармағы

         Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің тармақтарының бірі – сот...