12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы инвестицияның азаматтық-құқықтық режимі

Арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтар – инвестициялық қызметті ынталандыру және экономиканың түрлі салаларын дамыту үшін құрылған арнайы аумақтар болып табылады. Бұл аймақтарда инвесторлар үшін жеңілдіктер мен ерекше құқықтық режимдер қарастырылған.

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңы қарастырылған. Бұл заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Арнайы экономикалық аймақтар және индустриялық аймақтардағы азаматтық-құқықтық режимнің ерекшеліктеріне тоқталып өтейін. Жалпы азаматтық құқықтық режим дегеніміз – инвестициялық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Ол меншік құқығы, келісім-шарттар, міндеттемелер, заңды жауапкершілік сияқты аспектілерді қамтиды.

Арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтардағы негізгі құқықтық аспектілер келесідей бөлітерді қамтиды.

Ерекше құқықтық мәртебесі: Қазақстанда Арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнама арнайы жеңілдіктер мен салықтық преференциялар береді.

Инвесторлардың мүліктік құқықтары: Жер пайдалану, құрылыс салу, меншік құқығы, лицензиялау тәртіптері жеңілдетілген.

 Келісім-шарттық міндеттемелер: Инвесторлар мен басқарушы компаниялар арасында арнайы инвестициялық келісімдер жасалады.

           Сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтар мемлекеттік қолдау келесідей жеңілдіктерді қарастырады.

  1. Салықтық жеңілдіктер
  2. Баж салығынан босату
  3. Инфрақұрылымдық қолдау
  4. Субсидиялар ұсынылады.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы инвестицияның азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі элементтері мыналар:

    1.    Меншік құқығы және жер пайдалану

    •    Арнайы экономикалық аймақтарда жер телімдері мемлекетке тиесілі және ұзақ мерзімді жалға беріледі.

    •    индустриялық аймақтарда инвесторлар жерді жалға ала алады немесе кей жағдайларда сатып алу құқығына ие болады.

    2.    Инвестициялық келісімдер

    •    Инвесторлар мен Арнайы экономикалық аймақтар басқарушы органы арасында инвестициялық келісім жасалады.

    •    Келісім-шартта құқықтар, міндеттемелер, инвестиция сомасы, мерзімі, салықтық және кедендік жеңілдіктер көрсетіледі.

    •    Инвесторлар міндеттемелері мен жауапкершіліктері егер белгіленген талаптарды орындамаса (мысалы, келісілген сомада инвестиция салмаса немесе жобаны уақытында іске асырмаса), келісім бұзылуы мүмкін. Сонымен қатар инвесторлар экологиялық, еңбек, салық заңнамаларын сақтауға міндетті болып табылады.

Инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктер және кедендік преференциялар келесідей:

    •    Корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы (ҚҚС), мүлік салығы бойынша жеңілдіктер беріледі.

    •    Кедендік баж салығынан босатылу мүмкіндігі бар.

Құқықтық кепілдіктер:

    •    Қазақстан заңнамасына сәйкес инвесторлардың құқықтарын қорғау.

    •    Халықаралық келісімдер негізінде шетелдік инвесторларды қорғау.

    •    Мемлекет тарапынан тұрақтылық кепілдігі (мысалы, салық режимін ұзақ мерзімге өзгертпеу).

Қорытындылай келе жалпы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы азаматтық-құқықтық режим инвесторларға ерекше құқықтар мен жеңілдіктер беретінін атап өткен жөн. Инвесторлар келісім-шарттар негізінде жұмыс істеп, мемлекеттен салықтық және инфрақұрылымдық қолдау алады. Бұл механизм Қазақстан экономикасын дамытуға, өндірісті кеңейтуге және жаңа технологияларды енгізуге ықпал етеді деген сенім өте зор.

Сатаров Есен-Алибижан

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот

Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранты

Жазбаша іс жүргізу

Әкімшілік істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау Қазақстан...

В области подписан трехсторонний меморандум

Сегодня заместитель руководителя департамента Судебной Администрации по ЗКО Қ....

Облыста үштарапты меморандумға қол қойылды

Бүгін Қазақстан Республикасы сот Әкімшілігінің БҚО бойынша департаменті басшысының...

Утопия ма, әлде дистопия ма? Томас Мордың әділет жүйесі және адам құқықтарының бағасы

«Меншік құқығы бар жерде, барлық нәрсе ақшаға өлшенетін қоғамда...