ҚАЖ қызметкерлері 8-наурыз күні Абай облысы бойынша полиция департаменті госпиталінің қызметкерлерін құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Полиция департаменті госпиталінің медицина қызметкерлері Абай облысы бойынша ҚАЖ Департаменті мен мекемелерінің тәрбие және кадр жұмысы қызметкерлерінен құттықтау алды.
8 наурыз-бұл әрқашан ең сүйікті мереке және біз бүгін емдеумен айналысатын дәрігерлерге оның ішінде білім беру ұйымдарына, оқуға түсетін, қызметке түсетін үміткерлерге медициналық куәландыру жүргізетін дәрігерлерге ерекше алғыс айтамыз.
Іс-шара барысында госпиталь қызметкерлеріне сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ олар үшін «Алаш»тобының солисті Асхан Қадырбек өнер көрсетті.
— Көктемнің осы тамаша күнінде біз аурухананың барлық қызметкерлеріне қызметкерлеріміздің денсаулығын қолдауға таптырмас үлес қосқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіздерге қуаныш пен сәттілік тілейміз, – деді госпиталь қызметкерлеріне Абай облысы бойынша ҚАЖД тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Райгүл Саугабаева.
Денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлері өздерінің жұмыстарының бағаланғанына қуанып, бұл құттықтауға өздерінің ризашылықтарын мен жылы лебіздерін білдірді.

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын,...

Казахстан нарастил производство и экспорт мороженого

35,1 тыс. тонн мороженого произведено в Казахстане  По итогам января–мая...