12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЖ қызметкерлері «Қызметтегідей спортта да» акциясын қолдады

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №57 мекеме қызметкерлері ҚР ІІМ «Динамо» республикалық дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына арналған республикалық эстафетаға қосылды.

«Динамо» қоғамының ғасырлық мерейтойына орай ҚР Ішкі істер министрлігі құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Қызметтегідей спортта да: қадамнан қадамға» атты кең ауқымды акциясын іске қосты.

Осы бастама аясында, №57 мекеме басшылығы волейбол турнирін ұйымдастырды. Турнирге Алматы және Жетісу облыстарының мекеменің командалары қатысты.

«Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен қатар ұжымдық рухты қалыптастыруға, физикалық белсенділікті арттыруға және зиянды әдеттердің алдын алуға ықпал етеді», – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Рысбек Тұрғымбаев.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған №71 мекеме командасы эстафетаны қабылдады. Екінші орынды №49 мекеме командасы, ал үшінші орынды №10 мекеме командасы иеленді. Үздік ойыншы атағы №49 мекеме режим және қадағалау бөлімінің бастығы Мади Оразбақовқа берілді.

«Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі !!!

Тараз станциясындағы Желіліп полиция бөлімінің қызметтік аумағында ағымдағы жылдың...

Жастарды жаман әдеттен сақтау керек!

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық мәселесі бүгінгі күні өзінің...

КазНУ – пространство знаний, вдохновения и уважения к истории

Казахский национальный университет имени аль-Фараби по праву считается ведущим...

Совершенствование процесса предоставления государственных услуг

Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы, как государственный...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу...