Қызылорда облысында жазасын өтеушілермен психологиялық жұмыс үздіксіз жүргізілуде

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 37 мекемесіндегі жазасын өтеушілермен психолог мамандар тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыстар сотталған азаматтардың көзқарасын өзгертіп, олардың болашаққа деген үміті мен мақсатын қалыптастыруға бағытталған.
Психолог маман Ақгүл Аманова сотталғандармен жүйелі түрде психологиялық тренингтер мен жеке сұхбаттар өткізеді. Осындай шаралар арқылы сотталғандар өздерін тереңірек тануға, қателіктерін саралауға және өмірге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік алады. Бүгінгі өткен тренингтің тақырыбы “Көлікті көз байлап жүргізу” деп аталды.
Ақгүл Аманованың айтуынша, мекемеде жазасын өтеп жатқандардың басым бөлігі жол-көлік оқиғасына себеп болған азаматтар. Сондықтан оларды өз қателіктерін түсінуге, жауапкершілікті сезінуге және болашақта мұндай жағдайларды болдырмауға үйрету мақсатында осындай тренинг ұйымдастырған.
“Жасаған қателігімді мойындаймын. Кінәлімін. Жазамды өтеп жатырмын. Қанша жыл көлік жүргізіп жүрсем де, қате деген аяқ астынан болады. Бас бостандығынан айырылған соң отбасыңды, болашағыңды көп ойлайды екенсің. Осындай тренингтерге қатыса отырып, ойым бөлінеді. Психолог маманға алғыс айтамын,” – деді сотталған азамат.

Осындай психологиялық жұмыстар сотталғандардың өздерін түзетуіне, өмірге деген сенімдерін нығайтуына және болашақта қайта қателік жасамауына көмектеседі.

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...