Психологиялық көмек көрсетілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде 150-ден астам сотталған азамат жазаларын өтеп жатыр. Олардың арасында әйел азаматшалар да бар. Жаза басқанымен, әрқайсысының жүрегінде үміт пен болашаққа деген сенім бар. Бұл сенімді нығайтып, түзелу жолына түсуге көмектесетін жандардың бірі – мекеме психологтары.

Мекеме психологы Ақгүл Аманованың айтуынша, сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуінде ең үлкен рөлді олардың жақындарының қолдауы атқарады. “Жаза басқан адамның отбасы, туған-туыстары қателігін бетіне баспай, керісінше, демеу көрсетуі керек. Қолдау болса, сотталғанның өмірге деген қызығушылығы артады, олар тезірек бостандыққа шығып, отбасымен, балаларымен қауышуды армандайды. Бұл арман – олардың түзелу жолына түсуіндегі басты қозғаушы күш”, – дейді психолог маман.

Ақгүл Аманова әр сотталған азаматпен жеке жұмыс жүргізіп, олардың психологиялық жағдайына мінездеме жасайды. Сондай-ақ, сотталғанның туған-туыстарымен кездесіп, психологиялық түсіндірме жұмыстарын жүргізу де оның басты міндеттерінің бірі. “Мен әр сотталғанға келген жақындарымен сұхбаттасып, олардың қандай қолдау көрсете алатынын түсіндіремін. Қоғамға қайта бейімделу үшін, ең алдымен, рухани қолдау қажет”, – дейді ол.
“2024 жылдан бері жазамды өтеп жатырмын. Осындағы психолог маман Ақгүл Аманова үнемі қолдау көрсетіп, жан-жақты көмек береді. Әсіресе, ана ретінде бостандықта қалған балаларым үшін алаңдаймын. Олардың амандығы мен болашағы – менің түзелу жолындағы ең басты мотивациям. Осындағы мамандардың кеңесі мен психологиялық қолдауының арқасында бұл кезеңді еңсеріп, қайтадан отбасыммен қауышатыныма сенімім мол,”- дейді сотталған азаматша.

Абай облысындағы әйелдер колониясының қызметкерлері Денсаулық күнін спорттық жарыстармен атап өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде Денсаулық күніне орай...

Тұрақты даму мақсаттары: білім мен қоғамды байланыстыратын жүйелі қадамдар

Қазіргі таңда әлем елдері үшін тұрақты даму мақсаттары тек...

Әділ қоғам  қалыптастыруда білімнің рөлі

Қазіргі кезеңде тұрақты дамудың негізгі шарттарының бірі әділ, ашық...

Мемлекеттік қызмет — мерейлі міндет

Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды...

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...