12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қоғамдық жұмысты орындамаған сотталғанның ісі сотқа жолданды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі сот үкімімен жүктелген міндеттерді орындамай, құқықбұзушылықтарға барған сотталғандарға қатысты заң аясында тиісті шараларды қабылдауда. Пробация бақылауында жүрген азаматтардың кейбірі қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарып, әкімшілік құқықбұзушылықтар жасап, пробация қызметінің бірнеше ескертулеріне қарамастан өз міндеттерін орындаудан бас тартуда.
Қоғамдық жұмысты орындаудан жалтарып жүрген азаматтың бірі Қармақшы аудандық пробация есебінде тұрады. ҚР ҚК-нің 296- бабының 2- бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сот үкімімен 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған болатын. Алайда, ол сот жүктеген міндеттерді орындаудан бас тартып, пробация қызметінің бірнеше рет жасаған ескертулеріне қарамастан заң талаптарын сақтамаған. Сонымен қатар, ол қоғамдық орында тәртіп бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Пробация қызметі бұл жағдайды назардан тыс қалдырмай, заң аясында тиісті шаралар қабылдады. Қоғамдық жұмыстарды орындаудан үзілді-кесілді бас тартқан сотталғанның іс-құжаттары сотқа жолданып, сот шешімімен жазасы қамаққа ауыстыру мәселесі қарастырылуда.
Пробация инспекторы Жақсыбек Жүнісовтың айтуынша, сот үкімімен жүктелген міндеттерді орындамай, пробация қызметінің ескертулерін елемеген азаматтар жазасыз қалмайды. Пробация бақылауында жүрген сотталғандар өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға міндетті. Егер олар жазаны өтеу тәртібін бұзып, құқықбұзушылық жасаса, олардың ісі сотқа жолданып, сотпен қосымша шаралар қабылданатын болады дейді әділет майоры.

ҚАЖ қызметкерлерінің ұжымдық рухты нығайту жұмысы

Ұжым – ортақ мақсатты көздейтін, бір-біріне қолдау көрсетіп, бірігіп...

Алматыда студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсенің қоғамдық тыңдалымы өтті

2025 жылдың 20 ақпан күні Алматыда "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының...

В Алматы прошла профориентационная экскурсия для воспитанников детских домов

20 февраля текущего года в рамках проекта «Социальная мастерская»...